Астана қаласы креативті индустрияны дамыту бойынша көшбасшы қалалардың бірі болып саналады
02.12.2024
Бұл салаға 30-дан астам нысан кіреді, олардың ішінде концерттік іс-шараларды ұйымдастыру, көрмелер өткізу, музей мен театр қызметі, цирк өнері және IT саласының дамуы бар. Бүгін елордада Мәскеу қаласының мәдениет күндері аясында Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Черемин және Мәскеу қалалық Думасының төрағасы Алексей Шапошниковтың қатысуымен «Креативті қалалар Астана-Мәскеу» іскерлік форумы өтті.
Креативті индустрияның дамуы Астана қаласының мәслихаты мен әкімдігі бекіткен мәдениет саласын дамытудың Кешенді жоспарына енгізілген. Үш жылға есептелген бұл құжат мәдениет қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды, музейлер мен театрлардың құрылысын және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. Ерекше оқиға ретінде елордада жақында өткен алғашқы «QARA Forum» атап өтілді. Форумның басты мақсаты — ел экономикасының бір бөлігі ретінде креативті индустрияға инвестиция тарту. Іс-шарада үш панельдік пікірталас сессиясына 60 спикер қатысты.