Елордамыздың Достық үйінің базасында қалалық мәслихат депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен байланыс тетігін орнату мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті
27.11.2024
Астана – 1,5 миллионға жуық тұрғыны бар, қарқынды дамып келе жатқан қала, оның халқын 70-тен астам этнос пен этникалық топ өкілдері құрайды. Мұндай саналуандық жағдайында ҚХА қызметі ұлтаралық келісімді нығайтуда, толеранттылық мәдениетін насихаттауда, маңызды рөл атқарады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл халықтың мүддесін білдіретінін және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін бірнеше рет атап өткен. Достық үйінің маңызды бастамаларының бірі – су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін республикалық штаб ұйымдастыруы болды. 2024 жылы қалалық Ассамблея 70 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті, бұл оның белсенді әлеуметтік ұстанымын дәлелдеді. «Қалалық ішкі саясат басқармасына Достық үйімен бірлесіп, Ассамблея мүшелерінің қатысуымен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және іске асыруды, сондай-ақ мәслихаттың жұмыс отырыстарына олардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Сарапшылар қауымдастығын құруды тапсырдым», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.