iKomek-тің мәліметтері бойынша, қала тұрғындарының шамамен 30%-ы жедел медициналық көмек қызметінің жұмысына қатысты шағымдар білдірген
28.11.2024
Бүгін әріптестерімізбен бірге «JAC Sunray» маркалы жаңа автокөліктердің жұмысын тексердік, олар лизингпен сатып алынған. Жақында қалалық жедел жәрдем автопаркі тағы 35 «Hyundai Staria» көлігімен толықтырылады.
«Елордалық әкімдік пен депутаттардың күш-жігерінің арқасында соңғы үш жылда қаладағы жедел жәрдем станциялары мен подстанциялары 168 жаңа көлікпен жаңартылды. Бұл көліктерде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар, оның ішінде жасанды тыныс алу аппараттары мен электрокардиографтар бар», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.