Келесі жылы «Нұра» ауданында 20 аула аумағын абаттандыру және 400-ден астам балалар ойын алаңы элементтерін орнату жоспарлануда
27.11.2024
Елордалық мәслихат депутаттары қаланың алты ауданының әкімдерімен кездесуін жалғастырып, шағын аудандар мен тұрғын үй алаптарындағы өзекті мәселелерді талқылап жатыр. Бүгін «Нұра» ауданында көшпелі отырыс өткізілді. Аудан тұрғындарының ыңғайлы және белсенді демалысы үшін 22 аула абаттандырылып, 42 аула аумағында жөндеу жұмыстары жүргізілді. 150 көше жаттықтырғыштары орнатылып, 17 футбол алаңы жаңартылды.
Сондай-ақ 223 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылып, 14 спорт алаңы жаңғыртылды. Ал 2025 жылға қарай жалпы аумағы 17,2 гектардан асатын 8 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. «Кешенді тәсілді талап ететін жүйелі мәселелерге назар аудардым: Қатты тұрмыстық қалдықтар және санитарлық тазалық – біріздендірілген тәсілдер мен стандарттарды енгізу қажет. Жол инфрақұрылымы – кварталішілік жолдардағы шұңқырлар мен қанағаттанарлықсыз жағдайды жедел жөндеу қажет. Канализация мәселелері – ағымдағы кемшіліктерді жою үшін мекенжайлық жоспар әзірлеу талап етіледі», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.