Депутаттық корпус елордамыздың алты аудан басшылығымен кездесулерді бастап, әр ауданның шағын аудандары мен тұрғын алаптарындағы өзекті мәселелерін анықтайды
25.11.2024
Бүгін «Байқоңыр» ауданында алғашқы көшпелі отырыс өткізіп, жергілікті жағдаймен таныстық. Аудан аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Су басу қаупі бар аумақтар жойылып, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін 28 арнайы техника сатып алынды. Жергілікті суару жүйесі орнатылып, апатты және ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүзеге асуда.
Сонымен қатар, ауданның кейбір мәселелері жүйелі сипатқа ие. Олардың ішінде: электрмен жабдықтау, әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша жобалардың қымбаттауы, саяжайлар, заңсыз қоқыс алаңдары және басқа да мәселелер бар. «Барлық өзекті мәселелер депутаттық корпус және партиялық бақылауға алынады. Кездесу қорытындысы бойынша, әрбір мәселе бойынша жағдайды түзету үшін егжей-тегжейлі талдау мен ұсыныстар дайындауды тапсырдым», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.