Экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында 2025-2027 жылдарға арналған астана бюджетінің жобасын талқылау
15.11.2024
Қалалық мәслихатта Кендебай Адамбектің төрағалығымен экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айжан Түгелбаеваның сөз сөйлеуінен басталды. Ол басқарманың қызметі екі бюджеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылатынын баяндады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде елорданың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына, алдағы жылға арналған кірістер мен шығыстарға қысқаша тоқталды.
2025 жылға арналған аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін қосымша қажеттіліктерді айтқан қала аудандарының әкімдері сөз сөйледі. Әр түрлі орналасуына қарамастан, барлық аудандардағы аумақ санитарияны қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға, көше жарығын ағымдағы күтіп ұстауға, сәндік жарықтандыруға, су тасқынына қарсы іс-шараларға, скверлер мен саябақтарды тазалауға, рұқсат етілмеген полигондарды жоюға, контейнерлік алаңдарды орнатуға, жерлеу орындарын күтіп ұстауға, абаттандыру мен көгалдандыруға және т. б. қосымша қажеттілікке ие.
Депутаттар аудан әкімдерінің атына ескертулер, тілектер мен ұсыныстар айтты. Олар кейбір аулалар мен қоғамдық кеңістіктер жыл сайын абаттандырылатын, ал бірнеше жылдар бойы абаттандырылмаған аулалар орын алатын жағдайды болдырмау үшін тізімдерді қоса отырып, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер бойынша жиынтық талдауды сұрады. Депутаттардың пікірінше, қалалық ортаның бірыңғай стилін, елорданың мәнерлі бейнесін қалыптастыру үшін аудандардың аумақтарын ресімдеу, тарифтерді көтерудің орындылығын негіздеу, аудан әкімдерінің халық алдындағы жыл сайынғы есептері, саябақтар мен скверлерді, оның ішінде жабдықтарды, саябақ жиһаздарын қыс кезеңіне дайындау, туристік маршруттар өтетін Мәмбетов көшесіндегі үйлерді, жағалауды, филармония алдындағы алаңды қайта жаңарту болуы тиіс ісінде үйлестіру қажет.