Мәслихат депутаттарының Республикалық балалар құрылтайына қатысушылармен кездесуі
01.11.2024
Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымы депутаттарының Республикалық балалар Құрылтайының қатысушыларымен «Әрекет ету уақыты» оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларымен кездесуі өтті.
Іс-шараға мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Асқар Смағұлов, мәслихат депутаттары, мектеп парламенттерінің президенттері қатысты.
Кездесудің модераторы - мәслихат депутаты, «Kassyb Bilim» ЖШС Бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев.
Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Асқар Смағұлов Республикалық балалар Құрылтайына қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мектеп көшбасшылары үшін көкжиектерін кеңейтуге және жаңа достар мен пікірлестерді табуға тамаша мүмкіндік болып табылатын осы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Жастардың белсенділігі, олардың қоршаған әлемді жақсартуға деген ұмтылысы, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындығы құрметке ие. Сонымен қатар, Құрылтайға қатысушыларға арнаған сөзінде Асқар Смағұлов жастар мен мектеп қоғамдастығын толғандыратын мәселелерді талқылау мүмкіндігіне қанағаттанушылық білдірді. Ол көшбасшылардың әрқайсысы өз мектебінде сын-қатерлер мен қиындықтарға тап болғанына, бірақ оларды шешудің жолдарын таба алуына сенім білдірді. Бүгінгі таңда өмірдің барлық салаларындағы өзгерістер жылдамдығы әрбір адамнан икемділікті, үйрену мен бейімделуді қажет етеді.
Оқыту сессиясы барысында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбек, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин сөз сөйледі.
Депутаттар Құрылтайға қатысушыларды өкілді билік органдарының құрылу тарихы, мәслихаттар қызметінің негізгі бағыттары және мемлекеттік органдармен орнатылатын өзара іс-қимылмен таныстырды. Сондай-ақ, бейіндік комиссиялардың төрағалары комиссиялар алдында тұрған негізгі міндеттерді, өте ұзақ емес мерзімде, оның ішінде халықаралық деңгейде іске асырылған депутаттық бастамаларды атап өтті.
Іс-шара ашық диалог түрінде өтті, оның барысында бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Депутаттар өз тілектерінде мектеп басшылары мұнымен тоқтап қалмай, қоғамның игілігі үшін азаматтық белсенділік дағдыларын дамытуды жалғастырады деген үміт білдірді. Депутаттар Мемлекет басшысы жастар үшін үш басымдықты – білімге ұмтылуды, еңбекқорлық пен патриотизмді белгілегенін атап өтті. Олар жас көшбасшыларға қоғамдық өмірдің барлық салаларында жоғары жетістіктер тілеп, туыстары мен жақындарын оқуда, шығармашылықта және спортта жетістіктерімен қуантуды тіледі.