Қала ауданы әкімдерінің есеп беру кездесулері аяқталуда
02.02.2018
Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісовтің төрағалығымен Оқушылар сарайында «Сарыарқа» ауданының әкімі А.А. Тұрлыбектің халық алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуді ашқан мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов қатысушыларды кездесудің ережелерімен және кездесуге қатысушыларды таныстырды. Бұл Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық әкімшіліктер мен коммуналды қызметтердің өкілдері. Кездесу ережелеріне сәйкес баяндама барысында Сіз жазбаша түрде сұрақтарыңызды қоя аласыздар, деп - төрағалық етуші атап өтті.
Мұндай есеп беру кездесулері жыл сайын өткізіледі, бұл біздің қаламыздың тұрғындарына атқарушы органның қызметі туралы ақпараттарға ие болуға, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуға және қаланың әрбір тұрғынына өз орындарында проблемаларды шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді. «Астана ақшамы», «Астана кеші» газеттерінде «Сарыарқа» ауданы әкімінің егжей-тегжейлі есебі жарық көрді. Әркімнің онымен танысуға мүмкіндіктері болды,- дейді Жанат Нұрпейісов.
«Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек 2017 жылдағы аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен қысқаша таныстырды. Ол аудандағы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің жобаларына назар аударды. Аудан әкімі қаланың дамуына ауданның қосып жатқан үлкен үлесі туралы және аудан әкімі аппаратының аудан тұрғындарының қолдауымен алдағы жылы аудан дамуының барлық көрсеткіштерін жақсартатынын айтты. Жыл сайынғыдай әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен көңіл бөлінеді.
Аудан тұрғындарының көбісі аулаларда автокөліктерді қоюға қатысты санитарлық жағдайын уйішілік аумақтарды және басқа да көптеген қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды.
Аудан әкімі аппаратымен тұрғындардың кездесуде көтерген барлық мәселелері зерделеніп, қарастырылады және оларды шешу бойынша тиісті шаралар қолданылады.
«Сіздердің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз биылғы жылдағы жоспарымызға түзетулер енгізуге айтарлықтай көмектеседі деп ойлаймын және ауданда жүзеге асырылатын жаңа бастамалардың негізі болады», - деді облыс әкімі қатысушыларға жүгіне отырып.
Кездесуді аяқтай отырып, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, бүгін аудан аппаратының жұмысы туралы кең ауқымды әңгіме болғанын, өзекті мәселелері бойынша, бірқатар ескертулер мен ескертулер жасалды, бүгінгі көтерілген мәселелерді шешу үшін қалалық қызметтер басшыларына тиісті нұсқаулықтармен тиісті шаралар қабылдау туралы ескертулер жасалады, бұқаралық ақпарат құралдары атқарылған іс-шаралар туралы хабардар етіледі,- деп атап өтті.