Астанада мәслихат депутаттарының Форумы өтті
03.10.2024
Астанада 2024 жылғы 3 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен мәслихаттар депутаттарының II республикалық Форумы өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттардың қоғамды демократияландырудағы, саяси бәсекелестікті күшейтудегі рөлін атап өтті. Партиялық тізімдер бойынша депутаттардың оннан бір бөлігі сайланды, қалғандары – бір мандатты округтер бойынша, депутаттар арасында өзін – өзі ұсынушылар да бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заңнаманы реформалау жағдайды жақсы жаққа өзгертті деп есептейді. Депутаттық корпустың құрамына квота арқасында жастар мен әйелдер көбірек кірді. Президенттің пікірінше, бұл өткен реформалардың нәтижелері.
Форумда Мемлекет басшысы мәслихат депутаттары алдындағы бірқатар міндеттерді, оның ішінде құзыреттер деңгейін жүйелі түрде арттыру қажеттігін атап өтті, өйткені олардың қызметінің тиімділігі кәсібилікке тікелей байланысты. Депутаттар коммуникативтік дағдылар деңгейін арттырып, азаматтармен өзара іс-қимыл жасай білуі, өз жұмыстары туралы хабардар етуі тиіс.
Қазіргі уақытта Бюджет және Салық кодекстері әзірленуде, депутаттық корпустың кодекстер жобаларын талқылауға белсенді қатысуы маңызды. Мәслихат депутаттарының өңірлердің экономикалық саясатына ықпал ету тетіктері болуы қажет.
Президент мәслихат пен әкімдіктер депутаттарының үйлесімді жұмысының маңыздылығын ерекше атап өтті, өйткені олардың алдында халықтың өмір сүру сапасын арттыру деген ортақ мақсат тұр.
Форум жұмысы аяқталғаннан кейін барлық деңгейдегі депутаттардың көптеген сөз сөйлеулері, сұхбаттары өтті.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында «Біздің алдымызда Мемлекет басшысы айтқан реформаларды іске асыруға бағытталған жұмыстардың үлкен шебі күтіп тұр», - деді. Ерллан Каналимовтың айтуынша, мәслихат депутаттары сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуын үнемі қадағалап отыруы тиіс. Ол «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы болатынын мәлімдеді. Елордада қала тұрғындарының тазалық пен тәртіпке саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған «Таза Астана» әлеуметтік жобасы басталды. Жоба аясында тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын» және т. б. атақтар беріледі.
Депутат Азамат Айтқожин Хабар телеарнасында сөйлеген сөзінде мәслихат депутаттарының халықпен тұрақты байланысының маңыздылығын атап өтті, себебі бұл тұрғындарға атаулы көмек. Мәселелердің тақырыбы негізінен әлеуметтік салаға қатысты. Депутат арқылы қала тұрғындары белгілі бір ЖТК, аула, үйдің проблемалары туралы хабарлайды. Президент айтқандай, азаматтармен табысты қарым-қатынас жасау үшін өз біліктілігін үнемі арттырып отыру қажет. Азамат Айтқожин заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы бола отырып, балалар мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің тұрақты өзектілігін атап өтті.