Депутат күні
27.09.2024
Депутат күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония базасында өтті. «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары туралы» мәселені талқылау депутаттық корпус пен Тексеру комиссиясы ұжымының қатысуымен бейресми жағдайда өтті.
Іс–шараның мақсаты бақылау іс-шараларының қорытындылары мәселесін талқылау және оларды шешудің мүмкін жолдарын анықтау болып табылады, өйткені мемлекеттік аудит органдары – өңірлік деңгейдегі Тексеру комиссиялары жергілікті бюджет қаражатын басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев құттықтау сөз сөйледі.
Мәслихат төрағасы Тексеру комиссиясы қызметінің сапасына әсер ететін проблемалық мәселелерді атап өтті. Бұл кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, объектілер саны мен бюджет көлемінің ұлғаюына байланысты аудиторларға жүктеме артып келеді. Ерлан Каналимов жоғары аудиторлық Палата жүргізетін қызметті бағалау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы екінші жыл қатарынан көшбасшы орынды иеленіп отырғанын атап өтті. Мәслихат төрағасы депутаттық корпус Тексеру комиссиясымен тандемде әрі қарай жұмыс істеуге және мемлекеттік органдар басшыларының қаржылық сауаттылығын бірлесіп жақсартуға, қаржылық бұзушылықтарды азайтуға және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға дайын екенін айтты.
Тиімділік аудиттері білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, инфрақұрылымдық даму, экология және елорданың даму жоспарын іске асыруды бағалау сияқты барлық маңызды салаларда жүргізіледі. Бұл туралы Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаевтың, Тексеру комиссиясының мүшелері Егор Лебо мен Мақпал Әлжанованың, бақылау және сапа және Заң қызметі бөлімінің басшысы Айнұр Әлназарованың сөздерінде айтылды.
Мемлекеттік аудит органдарының өкілдері аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары, жүйелі бұзушылықтар фактілері туралы айтты. Сонымен қатар, аудиторлар халықтың қанағаттану деңгейі сияқты маңызды көрсеткіштерге тоқталды. Елорданы дамыту жоспарын бағалау халықтың білім сапасына, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне, экологияға, әлеуметтік қамсыздандыруға, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке қанағаттануының төмен деңгейін көрсетті.
Депутаттар атынан бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Жанаргүл Құлмағамбетова сөз сөйледі. Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың төрағалары Кендебай Адамбек, Азамат Айтқожин сөз сөйледі. Депутаттар Тексеру комиссиясының мүшелеріне жергілікті бюджет қаражатын, активтер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Бұған әдетте, үлкен жұмыс өтілі және қаржылық бақылау дағдылары бар білікті мамандар қалыптастырған Тексеру комиссиясының ұсынымдары ықпал етеді. Қазіргі уақытта Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит органдары арасында лайықты орын алғанын көрсетті.