Елордада «Байқоңыр» ауданы пайда болады
12.02.2018
Астанамыздың төртінші ауданына «Байқоңыр» атауын беруді ұсынды. Қоғамдық тыңдаулар жиналысы кезінде бұл идеяны мәслихат депутаттары қолдады.
Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев атап өткендей, бұл атау біздің астанамыздың қонақтарына да, жас ұрпаққа да жақсы таныс.
– Адамзат алғашқы рет Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш кеңістігіне саяхат жасады. Қазақстандық ғарышкерлер де осы айлақтан ғарышқа ұшты.
Жоғарыда айтылған фактілердің арқасында «Байқоңыр» атауы бұл жағдайда өте ыңғайлы деп айтуға болады. Адамзат тарихында айрықша орын алатын төртінші аудан атауын қолдауды сұраймыз, – деп атап өтті ол.
Депутаттар басқа да қандай балама атаулар ұсынылатынына қызығушылық танытты. Тәуелсіздік, Қорғалжын және басқа да тарихи атаулар сияқты ұсыныстар келіп түсті. Алайда ғалымдар мен жазушылар «Байқоңыр» атауын таңдады.
- Байқоңыр қазақ халқының және бүкіл әлемнің іскерлік сөзі болды. Егер біздің қаламыздың бір ауданы осылай аталса, онда бұл тамаша болатын еді. Мен осындай атауға қуана-қуана қолдау көрсетемін, - деді мәслихат депутаты Мирас Шекенов.
Жұртшылық тарапынан «Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласындағы жаңа ауданға атау беру туралы» мәселені талқылау барысында «Астана каласының құрметті азаматы» қоғамдық қайраткер Владимир Редкокашин өз пікірін білдірді.
– Биыл біз астанамыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде елеулі өзгерістер болды. Елордамыздың алғашқы қадамдарын жасаған жылдар көпшілігіміздің есімізде. Сол уақытта елорда халқы 300 мыңға жуық еді, бүгінгі күні бұл сан 1 миллион адамнан асады. Бұл атаудың өзі мемлекет Басшысының халықтың алдына қойған міндетіне сай. Бұл – жоғары қозғалыс, алға қойған мақсаттарға жету, сондықтан «Байқоңыр» деген атау біздің астанамыздың рухына толық сәйкес келеді және қойылған мақсаттарға сай, – деп атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдау хаттамасы қалалық ономастикалық комиссияға жіберіледі.