Абаттандыру - жалпы қамқорлық
29.08.2024
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының қабылдануына байланысты Астана қаласында қолданылып жүрген Қағидалар Үлгілік қағидаларға сәйкес келтірілуге тиіс.
Осыған байланысты, коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Сыздықов Үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қағидалардың жаңа жобасын ұсынды, онда Астана қаласы аудан әкімдіктерінің, басқармалары мен департаменттерінің ұсыныстары ескерілді.
Қаланың қажеттілігіне сәйкес, тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету және іргелес аумақты абаттандыру мақсатында Шағын және орта бизнес субъектілері абаттандыру паспорттары ұғымын енгізді.
Қағидалардың бұл жобасын бұрын Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің энергия тиімділігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссиясы алдын ала талқылаған болатын. Талқылау қорытындысы бойынша Қағидарадың жаңа жобасында Қоғамдық кеңес мүшелері бұрын жұмыс тобының отырысында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі заңнама талаптарын сақтау туралы көтерген ұсыныстары ескерілген; аумақты жинауға қатысты талаптарды нақтылау, соның ішінде мердігер ұйымдар үшін ҚТҚ-ға арналған контейнерлік алаңдар бойынша; контейнер алаңдары мен қоқыс контейнерлерін ұстауға қатысты санитарлық және экологиялық талаптарды белгілеу; балалар және спорт алаңдарын ұстауға қатысты нормаларды енгізу; ғимараттардың барлық конструктивті элементтерінің аумақтарын тазарту жөніндегі талаптарды кеңейту.
Алайда, Қоғамдық кеңес мүшелері атап өткендей, тұрғындардың әлеуметтік осал санатына жататын мүлік иелерінің жеке тұлғалары үшін су тасқынына қарсы күрес бойынша жұмыстарды уақтылы ұйымдастыру, профилактикалық бақылауды күшейту және абаттандыру ережелерінің тармақтарын сақтамау бөлігінде бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізу, заңнаманы қасақана бұзушылармен әкімшілік жауапкершілік шығаруға дейінгі мәселелер Ережеде көрсетілмеген. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындар арасында экология, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату мәселелерінде сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша жұмысты жандандыруды, сондай-ақ елорда аумағында абаттандыру объектілерінің ластануына жол бермеу бойынша құрылыс алаңдарын бақылауды күшейтуді ұсынды. Айтылған ескертулерді ескере отырып, «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімі жобасын пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданды. Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің энергия тиімділігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссиясы әзірлеушілермен бірлесіп ұсынылған қағидалар жобасын пысықтасын және жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу қорытындылары бойынша Қағидаларды Астана қаласының Қоғамдық кеңесіне ұсынсын.
Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің отырысында Астана қаласында үй жануарларын күтіп-бағу және серуендету қағидаларына, елордада жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобалары мақұлданды. «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» мәселесі бойынша ұсынымдар қабылданды.
Қоғамдық кеңестің жұмысына аудандық әкімдіктердің, елорда басқармаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.