Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
30.08.2024
Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – біздің негізгі Заңымыз – елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы!
Біздің Конституциямыз азаматтарға негізгі құқықтар мен бостандықтарды кепілдендіреді. Осы Заңның арқасында еліміздің даму жолында біз тұрақтылық, келісім және өркендеу бағытымен нық қадам басудамыз.
Сіздерге ашық аспан, келісім мен тұрақтылық тілеймін, әрбір отбасында бақыт пен береке орнасын, ал Отанымыздың гүлденуі жолында жаңа жеңістерге ұмтылуымыз үлкен табыстарға жетелей берсін!
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Е.Каналимов