Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару
20.08.2024
Азамат Айтқожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Депутаттар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды келісу туралы мәселені қарады. Оларға мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылатын, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі ұсынылды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов депутаттарды осы жер учаскелерінде қандай әлеуметтік нысандар салынатыны туралы хабардар етті.
Тұрақты комиссияның төрағасы отырыс барысында жер учаскелерінің меншік иелерімен онлайн режимінде кездесу өткізді. Тұрақты комиссияның отырысына қатысу үшін өтемақы сомасымен келіскен меншік иелері шақырылды.
Комиссия төрағасы Азамат Айтқожин меншік иелеріне өтініш білдіріп, олар өтемақы сомасымен келіскендіктен, мәселе мәслихат сессиясында қаралатынын және ол бойынша тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.