Нева жағасындағы қалаға ресми сапардың қорытындысы Астана қаласының мәслихаты мен Санкт-Петербург қаласының заң шығарушы жиналысы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.
06.08.2024
«Бұл туралы Санкт-Петербург заң шығарушы Жиналысының төрағасы Александр Бельскиймен 2024 жылдың мамыр айында Астанаға сапары кезінде келістік» - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.
Құжат экономика, мәдениет, туризм,сауда, жоғары және орта арнаулы білім беруді дамыту, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, сондай - ақ Мәдени іс-шараларды бірлесіп өткізу сияқты салалардағы ынтымақтастықты көздейді. Меморандумнан бөлек алдағы 5 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді, оған орындау мерзімдерімен ынтымақтастық жөніндегі нақты қадамдар кіреді.