Елорданың келбеті қалай өзгереді
23.07.2024
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бас жоспарға сәйкес елорданың 2035 жылға дейінгі даму перспективалары туралы айтылды.
2023 жылдың тамыз айындағы бірінші отырысында Қоғамдық кеңес мүшелеріне бас жоспардың жобасы ұсынылды. «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС-те жаңадан ұйымдастырылған жиында Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов Қоғамдық кеңес мүшелерін әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік аймақтардың, инженерлік және көлік инфрақұрылымының табиғи-климаттық жағдайлары, қалыптасқан және болжанатын демографиялық процестер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ескерілген, елорда аумағын дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ол мектептер, мектепке дейінгі мекемелер мен емдеу мекемелері құрылысының жоспарларына кеңінен тоқталды. Мәселен, 2035 жылға дейінгі демографиялық есептерді ескере отырып, бас жоспарда 164 мектеп, 178 балабақша, 93 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы қарастырылған.
Сондай-ақ басқарма басшысы инженерлік инфрақұрылым, газдандыру, жолдар, жол айрықтары мен көпірлер салу, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, қаланы көгалдандыру және т.б. бас жоспарды жүзеге асыру жоспарларына егжей-тегжейлі тоқталды. Алтынбек Ахметов атап өткендей, бас жоспар қаланың астаналық функцияларын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды ескере отырып, оның теңгерімді дамуын көздейді.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан «Үркер» тұрғын алабын ретке келтіру, қаланы когалдандыру және қоғамдық кеңістікті одан әрі дамыту, қала мекемелеріне паркинг, пандус салу, арбамен жылжитын мүмкіндігі шектеулі адмадарға үшін жолды кесіп өтуге арналған беткейлер, жеке тұрғын үй ғимараттарын (ЖТҮҒ) салу және т.б. сұрақтар қойылды.
Жалпы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының есебі ескерілді. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, сондай-ақ Астана қаласы бас жоспарының орындалуы туралы ақпаратты тұрақты негізде тыңдау туралы шешім қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасының басшысы Досқұлов Дәулет Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына «2023 жылғы 3 қазандағы «Астана қаласының аумағында жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасын ұсынды. Жоба қалалық жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын ретке келтіру мақсатында әзірленді. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғаудың қалалық қағидаларын Жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғаудың үлгілік қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.