Астана қаласы әкімінің депутаттық корпуспен кездесуі
10.07.2024
Қалалық мәслихатта Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті.
Жеңіс Қасымбек өз сөзінде жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы айтып, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндап, мәслихат депутаттарының бірлескен қызметтегі маңызды рөлін атап өтті.
Одан әрі отырыс диалог форматында жалғасты және депутаттар проблемалық мәселелерді, оның ішінде олардың атына қала сайлаушыларынан келіп түскен сұрақтарды қозғады.
Депутат Нұрлан Өтешев құрылыс ұйымдарының жұмысшыларға қатысты еңбек заңнамасының нормалары мен ережелерін сақтамау мәселесін көтерді. Сұраққа жауап ретінде қала әкімі келесі аптада осы мәселе бойынша кездесу өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, депутат бюджеттік ұйымдардың техникалық және көмекші персоналының жалақысының төмен мөлшері мәселесін айтты.
Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Азамат Айтқожин жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобустар мен жедел жәрдем машиналарын «Антисон» бейнекамераларымен және аспаптарымен жарақтандыру туралы ұсыныс енгізді.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Владислав Сергеев әкімнің назарын қала саябақтарының тозған күйінде екендігіне аударып, елорда саябақтарына қызмет көрсететін ұйымды ауыстыру мәселесін қарауды ұсынды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Асқар Смағұлов ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде, әсіресе балалар ауруханаларында кезектілікке байланысты өтініштер жиі түсетінін хабарлады. Жаңа ауруханалар салу жоспарланғаны белгілі, бірақ бұл үшін уақыт қажет, сондықтан қабылдау бөлмелерін жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыру ұсынылады.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жанындағы тұрақ орындарының тапшылығына қатысты мәселені көтерді.
Депутат Динара Байсеркина қоқыс контейнерлерінің санитарлық нормаларға сәйкес еместігіне назар аударып, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының қоқыс контейнерлерінің бірыңғай дизайнын әзірлеуді ұсынды.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов осы саланың даму үшін жоғары әлеуетін ескеріп, туризм саласын дамытудың 3-5 жылға арналған кешенді жоспарын қабылдай отырып, астананың туризм мәселелері бойынша жеке кәсіпорын құруды ұсынды. Сондай-ақ, мәслихат төрағасы қаражат бүкіл аумақты жинауға және қоқыстарды шығаруға кететін қысқы кезеңде қалалық аумақтарды (саябақтар мен скверлерді) жинау регламентін қайта қарау сияқты проблемалық мәселелердің бірін көтерді. Қала әкімі аумақтарды жинау коммуналдық меншікке өтетінін, сондай-ақ жақын арада Астанада туристік саланы дамытуға жауапты уәкілетті орган құрылатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қала үшін маңызды шешімдерді қабылдауға мәслихат депутаттарын одан әрі тарту туралы шешім қабылданды.