Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
06.07.2024
Сіздерді Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Астана - жаңа, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі, Қазақстанның жаңаруы мен тәуелсіздігінің символы. Жас Астананың тарихы-тәуелсіз елдің жаңартылған тарихының беттерімен байланысты. Еуразия төрінде өзіндік сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен мегаполистің бой көтеруі сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы деп білемін.
Күн санап көркейіп, жайнай түскен Астана жастықтың, жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапты. Оған, қай-қайсымыз да тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен қайталанбас қолтаңбамызды қалдырудамыз. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын! Бас қаламыз күннен-күнге қарыштап дамып, көркейе бергей! Қазақ елінің көк байрағы көгімізде желбірей берсін!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Ерлан Каналимов