Бүгін елордамызда 40-адамнан тұратын «Астана қаласының құрметті азаматтары» тізіміне бас қаламыздың дамуына сапалы еңбек сіңірген 4 адам ресми түрде қосылды
02.07.2024
Өткен жұмада елордалық мәслихат депутаттары олардың кандидатураларын бекітті. Бүгін салтанатты жағдайда қала әкімі Жеңіс Қасымбек «Астана қаласының Құрметті азаматы» куәліктері мен ленталарын табыс етті.
Медицина ғылымдарының докторы, академик Абай Байгенжин, қоғам қайраткері, елорданың білім басқармасының бұрынғы басшысы Асима Бимендина, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, ҚР Президенті басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Сергей Фомичев, сондай-ақ «Mabetex Group» президенті - Африм Пакколи. Олардың есімдері әр қала тұрғынына белгілі және қаламыздың дамуына сүбелі үлес қосты.