Елордалық автопарк 50 жаңа брендтік автобуспен толықтырылды
27.06.2024
Шілде айында тағы да осындай көлемде техника бірліктерін қабылдау жоспарлануда. Бұл автобустардың дизайны Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін арнайы әзірленген. Заманауи және эстетикалық безендірілген автобустар күшейтілген жарықтандыру және ауа баптау жүйесімен жабдықталған.
Мұнда инновациялық мультимедиялық жүйелер де қарастырылған. Бүгін Индустриялық парк аумағында «автобус паркіне» және аяқталмаған автобус паркіне барып, қоғамдық көлік саласындағы ағымдағы ахуал бойынша көшпелі кеңес өткізілді. «Оның құрылысы 2016 жылы басталды, жұмыс 30%-ға орындалды, бірақ жобаның қымбаттауына байланысты бірнеше жылға тоқтатылды. Жақын арада жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзету жүргізіліп, мәселе мәслихат отырысына шығарылатын болады»,- деді елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.