Үш шақырылымдар депутатының 80 жылдық мерейтойына құрмет көрсету
22.05.2024
Қалалық мәслихатта құрметті еңбек ардагері, Астана қаласының ІІ шақырылым мәслихатының хатшысы, үш шақырылымдар депутаты Лукьянец Вера Григорьевнаның 80 жылдық мерейтойына құрмет көрсету рәсімі өтті.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Ермекович Каналимов құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылардың атынан ол мерейтой иесіне көп жылдық қажырлы еңбегі, адалдығы, жоғары кәсібилігі, жеке беделі және тамаша ұйымдастырушылық қабілеті үшін алғыс білдірді.
Қоғам алдындағы еңбегі үшін Вера Григорьевна Лукьянецтің есімі «Қазақстан Республикасының Алтын кітабы», «Елорданың 100 тұлғасы Альманахы», «Қазақстанның 100 әйел тұлғасы» кітаптарына енгізілді. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтингтің ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Үздік жеке және кәсіби қасиеттері үшін» 2016 жылы «СЕЗІМТАЛ ЖҮРЕК» медалімен марапатталды.
Вера Григорьевна Лукьянец бүгінгі күнге дейін қалалық мәслихатты басқарған жалғыз әйел хатшы болып қала береді.
Мерейтойды мерекелеуге өткен шақырылымдардың депутаттары, елорданың медицина саласының еңбек сіңірген қызметкерлері, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, әріптестер қатысты.
Елорданың салауатты қоғамдық ортасын құруға қосқан үлесі үшін Вера Григорьевнаға көптеген жылы сөздер, тілектер айтылды.