Астана мен Рабат арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын жүзеге асыру
30.04.2024
Астана мен Рабат арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын жүзеге асыру жоспарына коммуналық кеңесінің Төрағасы - Фатиха Әл Мудни елордалық делегацияның Марокко Корольдігіне ресми сапары барысында қол қойды.
2024-2027 жылдарға арналған құжат урбанистика, мәдени мұраны сақтау және көбейту, инвестициялар мен туризм, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты көздейді, мысалы, Марокко тарапын IKomek 109 жүйелерін, сондай-ақ Birge порталын енгізу тәжірибесі қызықтырды. Өткен жылы Астананың 25 жылдық мерейтойын мерекелеу күндері, 10 елден 17 қала басшысы қатысқан бауырлас қалалардың жыл сайынғы форумы барысында Рабат қаласының Бірінші әйел мэрі Асмаа Рхлалумен кездестік. «Біз іскерлік аудандарда тәжірибе алмасу мәселелерін және т.б. талқыладық. 2023 жылдың 3 шілдесінде екі астананың басшылары арасында осы салалардағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, ал біздің қалалар бауырлас болды», - деп атап өтті қазақстандық делегацияның басшысы, елордалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимов.