Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға тұтас ел болып көмектесіп, гуманитарлық көмек жиналды, бөгеттер салынды
29.04.2024
Мерзімді қызметтегі сарбаздар да сіңірген еңбегі зор. Күні кеше ғана СҚО-нан тұрақты орналасу орнына ерекше мақсаттағы бригаданың 400 әскери қызметкері оралды. Жұмыс аптасының соңында әскери бөлімге барып, командалық және жеке құраммен кездестік. «Қызметі аяқталғаннан кейін көптеген офицерлер мен контрактылар бірден жұмыс таба алмайды, «JOLTAP» жобасы аясында Жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтастықты ұсындым, ол белгілі бір мамандықтарды алуға көмектесуді көздейді, сонымен қатар, әріптестерімізбен Жол картасын дайындау қажеттілігін талқылаймыз, оған елорда әскери қызметшілерінің проблемалық мәселелері, оларды шешу жолдары кіреді», - деді Елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов. Оның айтуынша әлеуметтік блокқа ерекше назар аудару керек - балалар демалысы, медициналық көмек және тағы басқалар.