«Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы» аллеясы елордамызда пайда болды
27.04.2024
Ботаникалық бақтағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы күндері елордалық мәслихаттың барлық сайланымдарының депутаттары «Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы аллеясын» ашты. Барлығы 50 жас қарағай отырғызылды. «Жыл бойы бүкіл ел бойынша мерейтойлық күнге орайластырылған мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді, депутаттар қайырымдылық акцияларының бастамашысы болады. Мерейтойлық жыл бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары үшін пайдалы, қайырымдылық істермен атап өтіледі», -деп атап өтті елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.