Еңбек ардагері, II шақырылымдағы экс-депутатты құрметтеу рәсімі өтті
19.04.2024
Қалалық мәслихатта экс-депутат Еркін Қалиұлы Томпиевке құрмет көрсету рәсімі өтті. Екінші шақырылымдағы депутат, Денсаулық сақтау жүйесін реформалауға көп еңбек сіңірген, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті әзірлеуге белсенді қатысқан еңбек сіңірген дәрігер Еркін Қалиұлы Томпиев 70 жасқа толды.
Қазіргі уақытта Еркін Қалиұлы «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, бракераж комиссиясының мүшесі, Астана қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның және басқа да аса маңызды қоғамдық ұйымдардың мүшесі болып табылады.
Денсаулық сақтау және қоғамдық өмір саласындағы еңбегі үшін еркін Қалиұлының көптеген марапаттары бар: ордендер, медальдар, грамота төсбелгілері және алғыс хаттар.
Салтанатты рәсімге қатысқан әкімдік, мәслихат, Қоғамдық кеңес өкілдері, әріптестері мерейтой иесін құттықтап, оған денсаулық, сарқылмас қуат, кез келген бастамаларға сәттілік және отбасылық амандық тіледі.