Мерейтой иесін, II және V сайланымдар депутатын құттықтау
26.03.2024
Қалалық мәслихатта II және V сайланымдар депутаты, Денсаулық сақтау үздігі, Астана қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Астана» Оқу-клиникалық орталығы Байқау кеңесінің төрағасы Қаршыға Кәкешұлы Құлмұқановты құттықтау рәсімі өтті. 75 жылдық мерейтойымен оны елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, әр жылдары мерейтой иесімен бірге жұмыс істеген әріптестері, түрлі сайланым депутаттары, әріптестері мен оқушылары құттықтады.
Мерейтой иесінің еңбек жолы – бұл сүйікті ісіне қызмет ету, еңбекқорлық, өз ісіне адалдық, белсенді азаматтық ұстаным үлгісі. Оның мәслихат депутаты ретіндегі елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жетілдіруге қосқан үлесі мемлекет тарапынан абыроймен бағаланды. Ол «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілері, мерейтойлық медальдары, Алғыс хаттары мен грамоталары бар.
Құттықтау рәсімі барысында Қаршыға Кәкешұлына көптеген жылы сөздер айтылды. Құттықтаушылар мерейтой иесіне зор денсаулық, сарқылмас қуат, амандық және елорданың қоғамдық өміріне одан әрі белсенді қатысуын тіледі.