Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
22.03.2024
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыстың ұлы күні – көнеден келе жатқан ұлық мерекеміз.
Әз-Наурыз ежелден-ақ жарқын күн және жаңа жылдың басталуы ретінде құрметтелгені кездейсоқ емес, ал жаңа жыл әрқашан жақсылыққа деген үмітпен, жаңа жоспарлар құрумен, ең қымбат тілектердің орындалуымен байланысты. Бұл күндері төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеледі.
Көктемгі жаңарудың қуанышты күнінде сіздердің шынайы және ізгі тілектеріңіз орындалсын! Әз-Наурыз елімізге құт-береке, барлық бастамаларымызға толағай табыс әкелсін! Баршаңызға мықты денсаулық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен амандық тілеймін!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов