Құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің бюджеттік өтінімдерді қарауы
27.02.2024
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Бірінші болып энергетика басқармасы басшысының м.а. Нұрлан Көпешов сөз сөйледі. Ол қосымша қажеттілік талап етілетін бюджеттік бағдарламалардың негізгі тармақтарына тоқталды. Олардың ішінде, су тасқыны проблемаларын болдырмау үшін бөгет салу, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО кеңейту, қарқынды құрылыс жүргізіліп жатқан аудандарда трансформаторлық қосалқы станциялардың тарату пунктерін іске қосу, әлеуметтік объектілер үшін газбен жабдықтау желілерін салу, Есіл ауданын газдандыру, 1-Индустриялық паркке газ құбырын өткізу, Сарыарқа аудандарында, Оңтүстік-Шығыс, Интернациональный тұрғын алаптарында есепке алынбаған учаскелерді газдандыру, Шұбар шағын ауданын орталық газ жүйесіне қосу, электр желілерінің ТЭН дайындау және т. б. қосымша қажеттілік бар.
Депутат Ғабит Тәжімұратов қазіргі қажеттілік және өткен жылғы қажеттілік сомаларын нақтылауды сұрады.
Депутат Кендебай Адамбектің айтуынша, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін елордада резервтік электрмен жабдықтау қажет. Ол басқарманың нақтылау алдында экономика басқармасымен негізгі қажеттіліктер бойынша жұмысына қанағаттанушылығын білдірді. Депутат «Ақмола АЭК» ұстауға үнемі инвестиция салуға тура келетіндігіне қатысты әріптестерінің назарын аударды, бұл мәселені түбегейлі шешу қажет.
Депутат Азамат Айтхожин басқарма басшысын тағайындалуымен құттықтап, Нұрлан Көпешовтың басшы ретіндегі қызметінің ерекшелігі сеніп тапсырылған ұйым қызметкерлерінің қажеттіліктеріне үнемі қамқорлық жасау болып табылатынын атап өтті.
Депутат Асқар Смағұлов Шұбар шағын ауданын газдандыруды қолдайтынын айтты, өйткені бұл шағын аудан сол жағалаудың орталығында орналасқан және пешпен жылыту шағын ауданның және жалпы сол жағалау экологиясына айтарлықтай зиян келтіреді.
Отырыс төрағасы Владислав Сергеев Шұбар шағын ауданын газдандыру мәселесін қала әкімінің қатысуымен өтетін кезектен тыс сессияға шығаруды ұсынды. Сондай-ақ, депутаттың пікірінше, алдын ала тұрғын алабында тексеру жүргізу қажет.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин орташа жөндеу жүргізуге, жолаушылар көлігін субсидиялауға, Алаш тас жолындағы көпірді реконструкциялауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автобустар сатып алуға, көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілерге кірме жолдар салуға және жөндеуге қосымша қажеттілік туралы баяндады.
Отырыс төрағасы Владислав Сергеев бюджеттік бағдарламалардың негізгі аса маңызды тармақтарына тоқталуды сұрады.
Депутат Динара Байсеркина Күйші Дина көшесіндегі жол учаскесін аяқтау бойынша тұрғындардың өтініштерін жеткізді. Бұл мәселе қала әкімімен кездесу кезінде де көтерілген.
Депутат Нұрлан Мүсілім өзі мүддесін білдіретін 10 округтің қаланың басым аудандарының бірі екенін атап өтті, онда Қазыбек би, Төле би көшелерінің аудандарында үлкен құрылыстар жүріп жатқан. Ол округтің даму перспективалары туралы жазбаша түрде толық ақпарат беруді сұрады.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды жүргізуге ғана қосымша қажеттілік бар екенін баяндады.
Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Ерлан Сыздықов депутаттарға сорғы-сүзгі станциясын салу есебінен ағымдағы жылы бюджет пайдасы қамтамасыз етілгенін хабарлады. Коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 69 маңызды жоба бар. «Су арнасы», «Elorda ECO SYSTEM» ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыстарына, 1 және 2-кезектегі кәріз желілерін, сорғы-сүзгі станциясын салуға және реконструкциялауға, 3-ЖЭО-дан ағынды суларды бұруға арналған кәріз коллекторларын салуға қосымша қажеттілік бар.
Депутат Смайылов қала әкімімен кездесу барысында Сарыарқа ауданының тұрғындары Көкталда кәріз коллекторын салу қажеттілігі туралы өтініш білдіргендерін айтты. Бұл құрылыс Аманат партиясының Жол картасында да жоспарланған, алайда қолда бар мәліметтерге сәйкес, басқарма бұл тармақты іске асыруға әлі кіріскен жоқ.
Отырыс төрағасы Владислав Сергеев басқарма басшысынан осы мәселені зерделеп, мәслихатқа ақпарат жіберуді сұрады.
Депутат Нұрлан Мүсілім сондай-ақ, Аманат партиясының Жол картасындағы Ұлы дала даңғылында тазарту станциясының жоспарланған құрылысы туралы еске салды.
Отырыс төрағасы бұл мәселелерді жеке отырыста талқылауды ұсынды.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Ілиясов қосымша қаржыландыру қала әкімінің тапсырмаларын іске асыруға, Астана агломерациясын дамыту жоспарын іске асыруға, «Астана жарнама» КММ ұстауға және т. б. қажет екенін баяндады.