Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің бюджеттік өтінімдерді қарауы
22.02.2024
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Депутаттар 2024 жылға арналған елорда бюджетін нақтылау (бірінші нақтылау) бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізген бюджеттік өтінімдерді қарады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуге, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметіне, Нұра ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашуға, «Жанұя» орталығын қайта орналастыруға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге, зейнеткерлерге тіс протездеу шараларына, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі және т.б. қызметтерге қосымша қажеттілік туралы баяндады. Сондай-ақ, қосымша қаржыландыру оңалту орталықтарына, ведомстволық бағынысты мекеме қызметкерлеріне автобус сатып алуға, кір жуу жабдықтарын, жиһаздар сатып алуға, кохлеарлық импланттарды ауыстыру қызметтеріне қажет. Бұған қоса, ведомстволық бағынысты мекемелерде қызметтерді алу бойынша қадағалау жүргізу бойынша бағдарлама сатып алуға, тазарту құрылыстарына, суды сақтау және одан әрі пайдалану станцияларына ЖСҚ әзірлеуге қосымша қаражат талап етіледі.
Депутат Владислав Сергеев отырыстардың бірінде депутаттар халықты әлеуметтік қолдау қажеттілігі туралы айтқанын, сондықтан соманың бір бөлігін табу керек екенін, оның үстіне бұл «Аманат» партиясының Жол картасы пункттерінің орындалуына әсер ететінін атап өтті.
Депутат Кендебай Адамбек ардагерлердің үшінші пленумы өткенін хабарлады. Қаралған негізгі мәселе - тарифтердің көтерілуі, осыған байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті электрмен жабдықтаушы ұйымдарды тексеруді бастады. Сондай-ақ, көптеген ардагерлер тұрғын үй бойынша көмекке жүгінуге болатынын білмейтіні анықталды. Адамбек бір мандатты сайлау округтері бойынша әріптестеріне мұны ескеруді өтінді, өйткені кейбір ардагерлер бұл мүмкіндікті пайдаланбайды. Сондай-ақ, ол Тексеру комиссиясының аудит нәтижелеріне сәйкес барлық басқармалар бойынша көптеген ескертулер бар екенін атап өтті. Адамбек басқармаларды жоспарлау тұрғысынан қарауды сұрады. Мәселен, 2022 жылы тексерілген жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бойынша қорытындыда жоспарлау кезінде дұрыс емес тікелей және жанама көрсеткіштер пайдаланылғаны атап өтілді.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Таңатаров алғашқы нақтылауда МЖӘ шеңберіндегі (бес балабақша, бес оқушылар сарайы) консалтингтік қызметтерді, мектепке дейінгі ұйымдарды цифрландыруды қаржыландыру бойынша қажеттіліктер жөнінде баяндады. Сондай-ақ, тамақтандыру құнын, 24 мектепте оқушыларды тасымалдау құнын арттыруға, сонымен қатар арнайы мектептерге тасымалдауға және т. б. қосымша қаржыландыру қажет.
Кендебай Адамбек екі басшының өтінімдерін тыңдап, өткен жылмен салыстырғанда көп нәрсе сұралып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты, ол тек негізгі қажеттіліктер туралы баяндауды ұсынды. Әрине, жолдар, энергетика және коммуналдық шаруашылық объектілері, нөсер кәрізі құрылыстарын қаржыландыру қажет. Сондықтан, бұл басқармаларға қомақты қаржы бөлінетін болады.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев балаларды тасымалдау бойынша тарифтер бірнеше жыл бойы көтерілмегенін айтты. Қауымдастық басшысына балаларды тасымалдау бойынша қызмет туралы таныстырылым жасау ұсынылған болатын, депутаттарда нақты көрініс болуы керек. Қала әкімі мердігерлерді қолдады, сондықтан қауымдастық басшылығымен кездесу өткізудің мәні бар.
Депутат Владислав Сергеев тұрақты комиссия отырысында балабақшалар мен оқушылар сарайларын салу мәселесі қаралатынын хабарлады. Ол келесі аптада тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын өткізіп, оған қауымдастық төрағасын шақыруды ұсынды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қадыр Жарасбаев 2024 жылдың алғашқы нақтылауында кадрларды даярлауға және қайта даярлауға, гепатитке қарсы иммунопрофилактикалық егуді ұйымдастыруға, арнайы медициналық базаға және т. б. ақшалай қаражат бөлуді қолдауды сұрады.
Депутат Бекзат Жолжақсынов кадрларды даярлау мәселесі бойынша нақтылауды сұрады, жас кадрлардың өздеріне жұмсалған қаражатты еңбекпен өтейтініне кепілдік беретін олармен шарт бар ма.
Спорт басқармасы басшысының м.а. Еркеғали Корбозов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын, Азия чемпионатын, Астана квест, экстремалды шоу, Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуге, мүгедек балаларға арналған ДШСК-нін ұстауға, жасөспірімдердің қысқы ойындарына, ұлттық спорт түрлері дирекциясын қолдауға, шаңғы жарысын, шахмат турнирін өткізуге, Артспорт жобасына қаржыландыру тапшылығы бар екенін хабарлады.
Депутат Владислав Сергеев депутаттар шаңғы федерациясы бойынша мәселені бірнеше рет көтергенін еске салды. Осыған байланысты депутат осы спорт түрі бойынша мәслихатқа ақпарат жіберуді сұрады.
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ведомстволық бағынысты екі мекеменің қажеттіліктеріне, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі және Наурызды мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізуге, мұрағат қажеттіліктеріне, стеллаждар сатып алуға, қолда бар материалдарды сақтауға байланысты қызметтерге қосымша қажеттілік бар екенін баяндады.
Депутат Кендебай Адамбек басқарманың қажеттіліктеріне көп сома қажет емес екенін атап өтіп, әріптестерін басқарманы қолдауды сұрады.