Депутаттарға арналған цифрлық картаның таныстырылымы
22.02.2024
Қалалық мәслихатта «Железнодорожный» тұрғын алабы үлгісінде бір мандатты сайлау округтері бойынша депутаттар үшін цифрлық картаның таныстырылымы өтті.
Өткен жылы мәслихат депутаттары Бас жоспарға сәйкес инженерлік, көлік инфрақұрылымын салу, әлеуметтік объектілер желісін дамыту жоспарланып отырған тұрғын алаптарының цифрлық картасын құру туралы бастама көтерген.
Атқарылған жұмыстар туралы «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбаев баяндады. Ол тұрғын алаптарын паспорттау жүргізілгенін, басқармалар мен аудан әкімдіктері бойынша қажетті деректер жиналғанын хабарлады. Қалдыбаев «Железнодорожный» тұрғын алабы үлгісінде депутаттарға картаның жобасы ұсынылғанын, бұл карта депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын назарға отырып пысықталатынын атап өтті. Цифрлық карта депутаттарға Жол картасының әлеуметтік объектілер, жолдар және т. б. құрылысы бойынша барлық пункттерін бақылауда ұстауға көмектеседі. Баяндаушының айтуынша, барлық депутаттарға жеке кабинеттер құру жоспарлануда. Картаны әзірлеу барысында басқармалар бойынша негізгі бағыттардың саны анықталды. Мәселен, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында 6 көрсеткіш, отын-энергетикалық кешені басқармасында - 8 көрсеткіш, құрылыс басқармасында - 3, аудан әкімдігінде 6 көрсеткіш бар және т.б. Барлық ақпарат Бас жоспардың мәліметтерімен байланыстырылған. Бұдан әрі депутаттың Жол картасын цифрлық картаға байланыстыру, барлық проблемалық мәселелерді белгілеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта цифрлық карта тек тұрғын алаптар бойынша әзірленген, кейіннен бүкіл қала бойынша әзірлеу жоспарлануда. Басқармалардан келіп түскен мәліметтер үнемі жаңартылып отырады. Регламент әзірленеді, халықтың осы картаға қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.
Депутаттар тұрғын алаптарының барлық проблемалық мәселелері онлайн форматта шешіледі, тиісінше витрина өзгереді деп шешті. Барлық техникалық мәселелер шешіліп, депутаттардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, өзгерістер енгізілгеннен кейін халықпен кездесу өткізіледі.
Сонымен қатар, депутаттар консалтингтік қызметтерді «Astana Innovations» АҚ-на жүктеуді ұсынды, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, жекеше ұйымдар цифрландырудан кейін жобаны қолдауға үнемі қаржыландыруды талап ететін болады. Депутаттар бұл тәжірибені міндетті түрде кеңейтіп, қаланың цифрлық картасын жасау қажет деп бірауыздан шешті.
Тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов депутаттарды цифрлық картаны әзірлеуге белсенді қатысуға шақырып, өз ұсыныстарын енгізуді сұрады.