Құрылыс басқармасының атқарылған жұмыс туралы есебі және алдағы кезеңге арналған жоспарлары
08.02.2024
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Атқарылған жұмыс туралы есеппен және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы құрылыс басқармасының басшысы Төлеген Құлышев баяндама жасады.
Басқарма басшысы жапсарлас құрылыстарды, жалпы білім беретін мектептерді, ДСК-рін жөндеу және салу жөніндегі ағымдағы жағдай туралы баяндады. Баяндаушының айтуы бойынша, кейбір жосықсыз мердігерлерге қатысты сот процестері басталған. Сегіз жалпы білім беретін мектеп бойынша мәселе шешілуде, бастапқы кезеңде түзету процесі жүріп жатыр, бұл жергілікті бюджетке түсетін жүктемені азайтуға ықпал ететін болады. БИНОМ мектептерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, оларды аяқтау үшін бюджеттен қосымша қаражат қажет болады. Басқарма ішкі безендіру, сылақтардың зақымдануы және т.б. мәселелер бойынша мердігерлердің кемшіліктері каталогын жасады. Басқарма басшысының пікірінше, мектептер ғимаратының құрылысы мен жабдығы бойынша ерекше объект болып табылады. Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй объектілеріне қатысты, ол қазіргі уақытта проблемалық алты көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтау бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты. Алматы ауданындағы патологиялық-анатомиялық бюро, емхана сияқты денсаулық сақтау объектілері - жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жобалар. Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімдерін қайта құру жұмыстары жанданды.
Депутат Талғат Ерғалиев «Қазақстан» спорт сарайы құрылысының ағымдағы жай-күйі туралы сұрады, сондай-ақ ол ДСК, Оқушылар сарайы, Интернациональный тұрғын алабындағы емхана, сондай-ақ тұрғын үйлерді жобалаудың басталуына қатысты сұрақ қойды.
Депутат Бауыржан Смайыловтың сұрағы 60-жылдары салынған, оқушылар үш ауысымда оқитын №41 мектепке қатысты болды. Ол осы мәселе бойынша жазбаша түрде толық ақпарат беруді сұрады.
Депутат Асқар Смағұловтың айтуынша, денсаулық сақтау объектілерін аралау кезінде депутаттар олардың кейбіреулерінің сапасыз жөнделгеніне және жөндеу кезінде ең арзан құрылыс материалдары пайдаланылғанына куә болған. Мысалы, С. Сейфуллин көшесіндегі №1 емхананы жөндеумен жосықсыз мердігер айналысқан. №17 мектепке қатысты, депутатқа мердігердің өздеріне бірнеше ай бойы жалақы төлемей келе жатқаны туралы қосалқы мердігерлер шағымданған. Депутат орын алып отырған аталған проблемалық мәселелерге қатысты наразылығын білдірді, өйткені жергілікті бюджеттен әлеуметтік объектілерді салуға және жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде.
Депутат Сәуле Самидин әріптесін қолдады, бірдей қаражат бөлінеді, бірақ құрылыс сапасы айтарлықтай ерекшеленеді. Депутат құрылыс басқармасы жоспар құрып, мердігерлермен жұмыс істеу алгоритмін ойластыруы керек деп санайды. Бір сөзбен айтқанда, стандарттар қажет.
Депутат Талғат Ерғалиев жер комиссиясының отырысы барысында негізінен сол жағалаудағы құрылыс мәселелері қаралғанын, ал ескі қаладағы құрылыстар туралы сөз болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, депутат Агроқалашықта Оқушылар сарайын салуға, Сарыбұлақ өзенінің түбін тереңдету жұмыстарының басталуына қатысты уәделер туралы мәселені көтерді. Депутат бұл мәселеде көмегін ұсынды. Денсаулық сақтау объектісін салу бойынша инвестормен шарт жасалып жатқаны белгілі, депутаттың пікірінше, бұл қаланы денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз ету ісінде оң нәтижені көрсетеді. Ерғалиев басқармаға Қала құрылысының кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беруді ұсынды, өйткені ол қазіргі заманғы шындыққа сәйкес келмейді.
Депутат Мәдина Әжікенова Бағыстан көппәтерлі тұрғын үй кешені (9 блок) бойынша сұрақ қойды, оның тұрғындары конкурс бойынша өтті, бірақ әлі күнге дейін пәтер кілтін алмаған.
Депутат Ғабит Тәжімұратов Пригородный тұрғын алабындағы №24 мектепке жапсарлас құрылыс салу мәселесі бойынша пікірін білдірді. Онда футбол және баскетбол алаңдарын ретке келтіру керек. Депутат емханада өткел салуға бөлінген қомақты қаражат бойынша егжей-тегжейлі ақпарат сұрады, бұл сома неден қалыптасқаны белгісіз.
Отырысты қорытындылай келе, тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев мектептерге жапсарлас құрылыстардың сапасыз салынуына байланысты сот талқылауы процесінің басталуына разылығын білдірді. Сергеев депутаттар ең маңызды қажеттіліктерді атап өтіп, керекті жобаларды қолдауы үшін жобалар бойынша егжей-тегжейлі толық ақпарат ұсынуды сұрады. Сондай-ақ, сайлау алдындағы бағдарлама тармақтарын, округтер бойынша бағдарламаларды іске асыру қажет. Алдағы уақытта жоспарланған жөндеу жұмыстары мен құрылыстар туралы нақты, анық ақпараттың болуы депутаттар үшін өте маңызды, өйткені халыққа шынайы ақпарат жеткізу қажет.