Кезектен тыс сессия
31.01.2024
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен кезектен тыс сессия өтті.
Кезектен тыс сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов кезектен тыс сессияның күн тәртібінен уәкілетті органның арнайы тексеру шешімінің болмауына байланысты «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы» бесінші мәселе алынып тасталатынын мәлімдеді.
«Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атын өзгерту туралы» мәселе бойынша тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а. Исабек Досжан сөз сөйледі. Ол кезектен тыс сессия қатысушыларына атаусыз объектілерге атау беру және кейбір объектілердің атын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды депутаттар алдын ала қарағанын және олар Республикалық ономастика комиссиясына жіберілгенін хабарлады.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев «Балабақшаларды салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» мәселе бойынша баяндады. Жобалық атаулары № 29 және 36 көшелердің қиылысы ауданындағы 360 орындық балабақша құрылысы туралы мәлімет берілді. Мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу шешімді жаңа редакцияда жазу қажеттілігінен туындады.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Сипов «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу» мәселесі бойынша сөз сөйледі. Саипов құрылысы жер учаскелерін алып қоюмен байланысты әлеуметтік нысандардың тізбесін ұсынды. Ол келісуге иелері өтемақы сомасымен келіскен шарттардың жобалары ұсынылғанын атап өтті.
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін қызметінен босату туралы» мәселе бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев баяндады. Ол депутаттарға басқа жұмысқа ауысуына байланысты Амандық Молдашевтің қызметінен босатылғаны туралы хабарлады. Ақпамбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының үш мүшесі өңірлерге бірінші басшы болып тағайындалған.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Тексеру комиссиясының төрағасын Тексеру комиссиясы мүшелерінің өңірлерге бірінші басшы болып және ҚР Жоғары аудиторлық палатасы құрамына тағайындалуымен құттықтады.
Кезектен тыс сессияны қорытындылай келе, Каналимов сессия барысында қаралған барлық мәселелер бойынша мәслихат тиісті шешімдер қабылдағанын айтты.