Депутат Е.Т. Бекішев азаматтарды қабылдады
12.03.2018
Қалалық мәслихаттың 13-ші сайлау округінің депутаты Есенжол Түскенұлы Бекішев «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды кезекті қабылдады.
Бірнеше шақырылымдарда астаналық мәслихаттың депутаты бола отырып, азаматтардың өзекті мәселелерін жақсы түсінеді және біледі, ең бастысы халықпен осындай байланысты жоғалтпау керек деп санайды.
Сондықтан, депутат өз жұмысында азаматтарды қабылдауға ерекше көңіл бөледі.
Келіп түскен сұрақтардың тақырыптары әртүрлі: тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің мәселелерінен заңгерлік кеңестер алу және гуманитарлық көмек көрсетуге дейін.
- Депутат болу – халық алдында үлкен жауапкершілік. Астаналықтардың көңіл-күйі мен армандарын білмей мұны істеу мүмкін емес, сондықтан мен сайлаушыларыма барынша уақыт бөлуге тырысамын және бұл үшін барлық мүмкіндіктерді қолданамын», - деп атап көрсетті Есенжол Түскенұлы.
Депутаттың ойынша, сайлаушылармен жұмыс - бұл тек депутаттық қызметтің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен бірге оның барлық ұсыныстары мен инновацияларының басталу нүктесі деп айтуға болады. Тұрғындардың әр жолданымы пікірге және білікті жауап алуға тиіс және маңызды және маңызды емес, үлкен немесе кіші деп бөлінбеуі қажет .
Сайлаушылармен бірге жүргізілген және орындалып жатқан жұмыстарды талдай отырып, бір кездері шешімі жоқ сияқты көрінген көптеген мәселелердің шешілгенін мақтанышпен айтуға болады. Бұл – жолдарды күрделі жөндеу, аула аумақтарын жан-жақты жетілдіру, кіреберістерді жөндеу және тағы басқалар.
Депутат мерекелерді де назардан тыс шығармай, әрдайым құттықтайды және көңіл бөледі.
8 наурыз мерекесі және Ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында парфюмерлік заттар түрінде сыйлықтар ұсынылып, Астана қаласының Мүгедек жастар қоғамына мерекелік іс-шарасын ұйымдастыруға көмек көрсетті.
Тыл еңбеккерлері мен өз аудандарының ардагерлер кеңесінің әйелдер қауымына азық-түлік пакеттері берілді.
- Көбіне егде адамдарға қарапайым қарым-қатынас және зейін мен ықылас жеткілікті. Айта кету керек, осындай кездесулер, қабылдау және құттықтаулар арқасында қала тұрғындарының ауыр қиындықтары туралы көп білеміз. Депутаттар өз жұмысында әртүрлі формалар мен әдістерді пайдаланады. Олар уақыт өте келе өзгеріп отырады, олар біздің елде болып жатқан оқиғалардың призмасы бойынша жаңа көрініс табады, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады - біздің халықпен байланыс және оның мүдделерін қорғау, - деп атап өтті депутат.