Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы
03.01.2024
Қалалық мәслихатта Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының бірінші ұйымдастыру отырысы өтті.
Бірінші отырысты мәслихат депутаты, Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау жөніндегі уақытша комиссиясының басшысы Алтыншаш Табулдина ашты.
Талқылау барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып бірауыздан аумақтық сайлау комиссиясының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жыл жұмыс өтілі бар, «AMANAT» партиясы ҚБ-нен Бейсембай Жұмабеков сайланды.
Комиссия мүшесі Шырақпай Шәріпов комиссия төрағасының орынбасары ретінде «Қазақстанның «АҚ-ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ-нен кандидатура, білімі бойынша заңгер, сайлау процесін ұйымдастыру бойынша үлкен практикалық тәжірибесі бар Ләззат Әбуеваны ұсынды.
Комиссия хатшысы ретінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ-нен кандидатура Ақжолова Гүлнар сайланды. Қазіргі уақытта Ақжолова ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде департамент директоры болып жұмыс істейді. 20 жыл құқық қорғау органдарында жұмыс істеді, ІІМ хатшылығын басқарды, сайлау органдарында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.
Бейсембай Жұмабеков маңызды жұмыс күтіп тұрғанын, өйткені әртүрлі деңгейлерде билік органдарын қалыптастыру тетігі ретінде, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруда сайлау комиссияларының рөлі мен орны зор екенін атап өтті.
Алтыншаш Табулдина мәслихат депутаттарының атынан аумақтық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған мүшелеріне табыс тіледі.