Құрметті еңселі Елордамыздың тұрғындары мен қала қонақтары!
16.12.2023
Баршаңызды арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батыр бабаларымыздың сан ғасыр аттың үстінде жүріп аңсаған тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - шекарамызды шегендеп, ел еңсесінің биіктеуіне, егемендігімізге қолымыз жетіп, туымыз тұғырына нық орнауына негіз болды. Қазақ мемлекетін ұлы болашаққа бастап, тіліміз бен дініміз, дәстүр-салтымыз мен әдет-ғұрпымыздың қайта жаңғырып, халқымыздың теңдігі мен тұрақтылығына жол ашты.
Халқымыздың береке-бірлігі артып, бір шаңырақ астында сан түрлі «Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» ұлт пен ұлыстың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап, Ұлы достықтың ордасы, бейбітшілік пен татулықтың мекені болды. Тұтас халықтың татулығы мен ауызбіршілігін арттырып, ел іргесін бекемдеп, Отанымыздың айбынын асқақтатып, тұрақты дамуы мен кемелденуінің негізі болған, күллі Қазақстан азаматтары үшін қадір тұтар басты байлығымыз - Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, мәңгілік елге бағыт алған сапарымыз сәтті, ел еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е.Каналимов