Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою
22.11.2023
Азамат Айтхожиннің төрағалығымен қалалық мәслихатта заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарын келісу туралы мәселе қаралды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылатын, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ұсынды.
Тізімге Тәуелсіздік даңғылы/Шарль де Голль көшесі қиылысында салынған паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, әкімшілік ғимарат сияқты әлеуметтік нысандар, көшелер, мектептер салу, қоғамдық кеңістікті абаттандыру кірді.
Әнуар Саипов депутаттарға жер учаскелерінің меншік иелерімен жеке жұмыс жүргізілгенін, өтемақы сомасымен келіскен барлық меншік иелері тұрақты комиссияның отырысына онлайн режимінде қатысуға шақырылғанын хабарлады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин меншік иелеріне, олар өтемақы сомасымен келісетіндерін білдіргендіктен, мәселе кезектен тыс сессияда қаралатынын және ол бойынша тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.