Депутат күні
17.11.2023
Қалалық мәслихатта «Астана қаласында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту тетігі» мәселесі бойынша Депутат күні өтті.
Негізгі баяндамашы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров, басқарманың Астана қаласының аумағында сауда, азық-түлік және өнеркәсіпті дамытуға байланысты қызметі туралы баяндады.
Депутат Бекзат Жолжақсынов баяндаудан ағымдағы жылы басқарма 113 жобаны қолдауға қаражат бөлгені белгілі болғанын атап өтіп, осыған орай бірнеше сұрақтар қойды - жобаларға талдау жүргізілді ме, олардың қаншасы басқарма көмегімен өз қызметін дамыта алды, ашылғаннан кейін жұмыс орындары сақталды ма?
Депутат Кендебай Адамбеков соңғы үш жылдағы қызметке талдау жүргізілді ме деген сұрақ қоя отырып, егер мұндай қызметтің пайдасы болса, онда депутаттар қолдауға дайын екенін айтты. Қалада өндіріс пен сауда негізгі кірістерді береді, жалпы кірістің 73% құрайды. Астанада Алматыға қарағанда тіркеуге көп уақыт қажет болуының себебі неде? Сонымен қатар, елорда аумағында жұмыс істейтін, бірақ басқа өңірлерде тіркелген кәсіпорындарға қатысты мәселені шешетін кез келді. Оларды жұмыс орны бойынша тіркеу жөнінде жұмыс жүргізу қажет.
Депутат Динара Байсеркина «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Almaz Medical Group» медициналық компаниясына 100 млн. теңге бөлінгенін атап өтіп, оның қандай негізде бөлінгенін сұрады, қалада мұндай артықшылықты пайдалана алмайтын көптеген ұйымдар бар.
Депутат Мәдина Ажикенова «Даму» қорынан қаражат алғанын және қазір қордың көмегімен балабақша табысты жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Депутат Кендебай Адамбеков кейбір кәсіпорындар игере алмаған қаражатты басқа ұйымдар арасында бөлуді ұсынды. Адамдардың жұмыс орындары мен зейнетақы аударымдары болуы маңызды. Сондай-ақ, депутат басқарма жоспарында орта кәсіпкерліктің үлесін ұлғайту бар екеніне назар аударды. Осыған байланысты, басқарма орта бизнес үлесін 26% - ға қалай жеткізбекші деген сұрақ туындайды. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені орта бизнес орта тапты құрайды. Жасыратыны жоқ, кейбір орта бизнес өкілдері жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейді, ал іс жүзінде орта бизнестің өкілі болып табылады. Депутаттың пікірінше, Астана қаласы әкімдігінде ауыл шаруашылығы бөлімін құру керек.
Депутат Бауыржан Смайылов «Астана» ӘКК мен басқармаға жергілікті бюджеттен субсидияланатын ірі сауда үйлеріндегі азық-түлік бағалары бойынша жағдайды тиісті бақылаудың болмауы жөнінде сын айтты, шын мәнінде бағалар ерекшеленбейді. Халыққа, зейнеткерлерге еш пайда жоқ, тек ірі сауда үйлеріне ғана пайдалы болып отыр. Депутаттың пікірінше, кәсіпкерлерге 70%, ал сауда үйлеріне 30% берген жөн.
Депутат Жанаргүл Құлмағамбетова банк заңнамасына өзгеріс енгізуді, сондай-ақ нарықта 5-7 жыл жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлердің, салалар, қызмет түрлері бойынша тізілімін дайындауды ұсынды. Шағын бизнеске аяққа тұрып кету өте қиын, 22-23% - бұл үлкен шығыс. Егер кәсіпкер 40%-бен несие алатын болса, қазір бюджет қалай толықтырылады, оның бюджетке төлеуге мүмкіндігі жоқ.
Депутат Бауыржан Смайылов шағын кәсіпкерлерге ақша бөлу мәселесін егжей-тегжейлі қарастыруды ұсынды. Депутаттың пікірінше, төмен пайызбен беру керек, бірақ 3-5 жылдан кейін қайтаруды талап ету керек. Әйтпегенде, депутаттың пікірінше, тек тұтынушылық қатынас туындауы мүмкін.
Бюджет жөніндегі комиссияның төрағасы Кендебай Адамбеков іс-шараны қорытындылай келе, осы мәселе бойынша талдауды дайындауға бір ай уақыт беруді ұсынды.