ӘМД бойынша бейінді комиссия мүшелері 2024-2026 жылдарға арналған елорда бюджетінің жобасын талқылады
15.11.2023
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев елорданың стратегиялық даму көрінісін, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі салаларындағы алдағы кезеңге шығыстардың өсу динамикасын ұсынды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев депутаттарды спорттық командаларды даярлауға, спорт саласында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға, «Қазақстан» спорт сарайын реконструкциялауға, «Барыс» жастар клубын қаржыландыруды ұлғайтуға қосымша қажеттілік туралы хабардар етті.
Депутат Кендебай Адамбеков Азия ойындарындағы ең төменгі көрсеткіштерге қатысты басқармаға сын айтты. Бірқатар спорт түрлеріне орасан зор сомалар бөлінеді, ал оң нәтижелерге он шақты спорт түрлерінен ғана қол жеткізіп отырмыз. Депутаттың пікірінше, жақсы нәтиже көрсетілген спорт түрлеріне басты назар аудару керек. Ол басқармаға уәкілетті органның шешіміне дейін жағдайды зерделеуді және басты назарды қайсыған аудару керектігі туралы талдау дайындауды ұсынды.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов талдау бөлімін құру туралы шартты еске салды, бұл мәселені жеке қарау керек. Бүгінгі таңда спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасы өте нашар. Мысалы, Азия ойындарының жүлдегерлерін қолдау үшін қала әкімінің грантын қарастыруға болады. Келесі жылы Көшпенділер ойындары өтеді, біздің спортшыларымыз соңғы орында қалмауы үшін қазірден бастап шаралар қабылдау қажет. Спорт мекемелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, спорт федерацияларының қатысуымен кеңес өткізу қажет және оң нәтижелер болмаса, қаржыландыру болмайтынын ескерту керек.
Депутат Алтыншаш Табулдина көптеген сайлаушыларды толғандыратын сұрақты қойды. Бюджеттен аула клубтарында жұмыс істейтін жаттықтырушыларға еңбекақы төлеуге ақша бөлінеді. 4 аудандағы пилоттық жоба шеңберінде жаттықтырушылардың қызметін бағалау индикаторы бар ма? Сондай-ақ, ол ДСК бойынша, қаржыландыру, балалар саны және басқалар туралы бұған дейін сұратылған ақпаратты алмағандарын еске салды.
Депутат Давид Лория жазғы кезеңде балаларды қамту 3 мыңға жуық бала болғанын хабарлады. Аула командалары арасында конкурс өткізер алдында қауіпсіздікті ескере отырып, футбол алаңдары таңдалды, өйткені алаңдардың бір бөлігі бұл талаптарға сәйкес келмейді.
Ерлан Каналимов аудан әкімдерінен спорттық жаттықтырғыштар мен алаңдарды орналастыру орнын мұқият ойластыруды сұрады, өйткені бұған бюджет қаражаты жұмсалады. Спорт алаңдары көбінесе тиімсіз орналастырылады.
Депутат Ерлан Дәкенов Қ. Мұңайтпасов стадионын реконструкциялау бойынша мәселені көтерді, жобалау, сарапта жұмыстары қалай жүріп жатыр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб депутаттарға 2024 жылға арналған қаржыландыруды қолдағаны үшін алғысын білдірді. Бірінші нақтылауда әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды, «Жанұя» отбасын қолдау орталығын жөндеуді, мүгедектерді күтім бойынша мамандармен қамтамасыз етуді, басқарма ғимаратындағы электр желілерін ауыстыруды, «Қамқор» оңалту орталығының, «Демеу» әлеуметтік қамсыздандыру орталығының ғимараттарын ағымдағы жөндеуді, автобус сатып алуды, компьютерлерді ауыстыруды, инватакси қызметтерін қаржыландыруды қолдауды сұрады.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Рамзия Өмірбаева қазіргі уақытта тьюторлардың жетіспейтіндігін, жоғары оқу орындарында оларды дайындамайтынын, ал қала үшін олар көп қажет екенін атап өтті.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов тіс протездеу бойынша қандай шешім қабылданғанын сұрады. Инватакси бойынша мәселе шешілді, келесі мәселе - барлық мұқтаждардың, мысалы, өрттен зардап шеккендердің өтемақы алуларына қатысты сұрақ қойды. Тубдиспансер ғимаратын психоневрологиялық орталыққа беру туралы шешім қабылданды ма. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ғимаратты Бейімдеу орталығына тапсырып жатқан кезді пайдаланып қалу керек.
Білім басқармасы басшысының м.а. Еламан Таңатаров цифрлық кадр қызметін құруға және балаларды тасымалдау бойынша өтемақыны арттыруға қосымша қажеттілік туралы баяндады.
Ерлан Каналимов автобустарды тиімсіз пайдалану бойынша сын айтты, олар ауысым аяқталғанға дейін мектепте 4 сағат босқа тұрады. Барлығы 90 автобус бар. Бұл бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау, сондықтан шартқа өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ, мәслихат төрағасының пікірінше, Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (жаңадан құрылғандар) үй-жайларын, SOS Балалар ауылын, №3 мектепті, Балалар-жасөспірімдер туризм орталығын, «Самал» санаториялық балабақшасын, №25 «Таңшолпан» балабақшасын жөндеуді қосымша қаржыландыру қажет.
Сондай-ақ, Ерлан Каналимов Артспорт жобасы аясында қосымша білім алатын балалар бойынша толық талдау жасау қажет деп санайды. Қазір цифрландыру басқармасы осындай талдау дайындауда. Депутаттар Көкталдағы түзету мектебіне барып қайтты, жақсы типтік мектеп. Алайда, №2 түзету мектебі мен Балалар үйінің жай-күйі қынжыларлық жағдайда, шағын сәулет нысандарын жаңарту қажет. Бұдан басқа, басқарма түзету мектептерінің жылу тораптары бойынша ақпарат беруі тиіс. Жайлы мектептер бойынша да алаңдаушылық тудыратын мәселелер бар, қазірдің өзінде кадрлық мәселелерді, мектептерге кірме жолдарды, балаларды қабылдау мәселелерін шешу қажет. Қаржыландыру толық жүргізілгенімен, осы уақытқа дейін кейбір мектептердің құрылысы басталған жоқ. БИНОМ мектептеріндегідей, мұғалімдерді іріктеу бойынша республикалық конкурс ұйымдастыру қажет. Тамақтандыру бойынша презентация дайындау керек. Балабақшалар мен мектептер бойынша талдаулар қажет, жылдар бойы жаңартылмаған мектептер бар. Мемлекеттік балабақшалар бойынша, соның ішінде бейнекамераларға қатысты сұрақтар бар. Мектептердің абаттандырылуы директордың шаруашылық қызметіне байланысты. Мектептердің кіреберістеріндегі апаттар туралы да сұрақ бар. Мектептердің КPI-не жуынатын бөлмелердің жабдықтарын, мектеп аумағын абаттандыруды және т. б. енгізу қажет.
Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов қосымша қаражат техника сатып алуға, мәдени іс-шаралар өткізуге, «Қазақ елі» монументін реконструкциялауға, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармонияның костюмдерін жаңартуға, қуыршақ театры үшін жаңа қуыршақтар жасатуға, 8 қалалық кітапхананы жөндеуге қажет екенін баяндады.
Ерлан Каналимов орыс театрының өз жұмысын бастағанын атап өтіп, жалақы және басқа да мәселелер бойынша көптеген сұрақтар бар екенін айтты. Барлық мәселелерді қаржыландыра отырып, елорданың мәдени дамуы бойынша үш жылдық бағдарлама қажет.
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Әбділда Тәжібаевтың құрметіне өткізілетін іс-шараларды қаржыландыру, айтыс өткізу үшін қаражат қажеттігі туралы хабарлады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Алдабергенова өз сөзінде онкологиялық орталықта емделіп жатқан балалар мен ересектерге арналған жабдықтарды қамтамасыз етуге, екі блокты күрделі жөндеуге, №1 емхананы жөндеуді аяқтауға қосымша қаржыландыру қажеттігі туралы айтты.