Болашақ мектептері. Елордалық білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болады?
29.03.2018
Бүгін, 29 наурызда өткен мәслихаттың кезекті сессиясы Астана қаласы әкімінің міндетін атқарушы Сергей Хорошун және Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қатысуымен толық қанықты өтті. «Байқоңыр» жаңа аудан әкімінің кандидатурасын қолдады, білім беру жүйесіндегі мәселелі сұрақтар билік органдарының қаралуына ұсынылды, сонымен бірге нақтыланған бюджет жобасы толығымен зерттелді.
Ең алдымен, қалалық мәслихат депутаттары Сергей Хорошун ұсынған «Байқоңыр» ауданы әкімінің лауазымына кандидатурасы – Астана қаласы ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Каналимовқа дауыс берді. Бірауызды шешіммен депутаттар бұл ұсынысты қолдап, лайықты кандидат деп есептеді.
– Ерлан Ермекұлы еңбек мансабын мемлекеттік қызметте 2003 жылы бөлім маманы ретінде бастады. Соңғы лауазымы – ішкі саясат басқармасының басшысы. Ол тәжірибелі көшбасшы, ұйымдастырушылық және аналитикалық дағдылары бар, идеологиялық маңызды бөлімдерді басқарып, ірі жобаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқан», - деп атап өтті Сергей Хорошун.
Өз кезегінде, Ерлан Каналимов сенім білдіргендер үшін алғысын білдірді, жаңа ауданда әлі де көп жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті, бірақ мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданға қойылған міндеттерді уақтылы шешуді жоспарлап отыр.
Одан кейін мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі негізгі мәселесі – елордалық білім беру жүйесінің жағдайы мен дамыту келешегін талқылауға кірісті. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді.
Әкім орынбасарының айтуынша, астаналық мектептердің жағдайы мен жабдықталуы жоғары деңгейде бағаланады. Бұған қаржыландырудың жыл сайынғы өсуі ықпал етті.
- Соңғы төрт жылда астаналық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған бюджет екі есеге – 95 пайызға артты. Бұл тек мектептерді қамтамасыздандыру үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа оқу орындарының құрылысы мен оларға қосымша толықтырулар енгізу үшін, - деп түсіндірді әкімнің орынбасары.
Ол сондай-ақ күнделікті Смарт Астана жобасы аясында білім беру саласындағы, басқа да секторларындағы деректердің жинақталатының айтты. Осылайша, талданған ақпаратқа сәйкес, Астананың қалай дамуы, жаңа оқу орындары мен балабақшаларды салудағы елорда қажеттіліктері мен алдағы жылдары оқушылардың қандай ағымы күтілудегі айқын түсінігі бар.
Малика Бектұрова қатысушылармен мектептердегі қосымша білім беру орталықтарын ұйымдастыру жоспарларымен бөлісті. Сонымен бірге сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру тәсілдері қайта қаралды.
Сұрақтарды талқылауға Зулфухар Гаипов, Қайырлы Таукен депуттар қатысты, олар елордалық білім беру жүйесі дамуының оң динамикасын атап өтті, алайда, осы сәтті пайдаланып олар көшпелі кеңес кезінде анықталған алаңдаушылық мәселелермен бөлісті. Олардың арасында – тоғыз отбасылар үшін үй болған №34 орта мектебінде салынған жатақхана, сондай-ақ, 300-ден астам оқушылар балабақша сәбилерімен бірге тар ғимаратта білім алатын «Кешенді балабақша - бастауыш мектеп» КММ. Содан басқа, депутаттар оқу орындарының кірме жолдарын уақтылы салу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Осы және басқа да мәселелерді атқарушы билік өкілдері бақылауға алуды уәде етті. 34-мектептегі жағдайға келетін болсақ, Малика Бектұрова бұл мәселенің жылдың соңына дейін шешілетініне сендірді.
Мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар нақтылау факторлары қаладағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайы, бос қалдықтардың таралуы, сондай-ақ мемлекеттік органдарын түрлендіруі және Қазақстан Республикасының бюджет тарифтеріне өзгерістер енгізуі болып табылатын түзетілген бюджет жобасын қабылдады. Елордалық мәслихат депутаттары жақын арада түсініктеме беру арқылы өрт сөндіру шараларын күшейту үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Елорданың стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, депутаттар бюджеттік заңнаманың нормаларына өзгерістер енгізу туралы бастамасымен еліміздің Үкіметіне жүгінуге ниетті.
Кездесу барысында Астана қаласының мәслихат депутаттары мүмкіндігі шектеулі адамдарды жетектеушілер үшін қалалық маршруттарда жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысты қолдады.
Бұдан басқа, мемлекет мұқтажы үшін жер алып қою жер телімдерін және басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімшарт жобалары бойынша келісімі, Астана қаласына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беретін комиссия құрамын бекіту, «Астан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалау әдістемесі, мәслихаттың келесі сессиясының қарауындағы негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылданды. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі атқарылған жұмыс бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының баяндамасымен оның төрағасы М.З.Шайдаров таныстырды.
Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып 24-ші сайлау округінің депутаты Ким Алмаз Феликсович сайланды.
Мәслихат сессиясының жұмысына Астана қаласы әкімінің міндетін атқарушы С.М.Хорошун және Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е.Бектұрова, қалалық аудандар әкімдері, қалалық басқармалар басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.