KWF АСТАНАЛЫҚ КОМАНДА ҚҰРАМАСЫМЕН ЖӘНЕ «КАРАТЭ – КЕКУШИНКАЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» АҚҮ АСТАНА БӨЛІМШЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ
30.03.2018
KWF АСТАНАЛЫҚ КОМАНДА ҚҰРАМАСЫМЕН ЖӘНЕ «КАРАТЭ – КЕКУШИНКАЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» АҚҮ АСТАНА БӨЛІМШЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ
Спорттық жарыстардың белсенді жақтаушысы бола отырып, Астана қаласы мәслихатының депутаты Манжанова Ирина Рихардовна 2018 жылдың 30 наурызында KWF астаналық команда құрамасымен және «Каратэ – Кекушинкай Федерациясы» АҚҰ Астана бөлімшесінің президентімен кездесу өткізді.
Кездесуде қатысушылар Ереванда өтетін Еуропа чемпионатына дайындық барысы туралы айтып, депутатпен алдағы жарыстарға қойған жоспарларымен бөлісті және өздерінің мүмкіндіктерін көрсетпек екенін айтты. Команданың бас демеушісі бола отырып, Ирина Рихардовна қатысушыларға спорттық жетістіктер мен жеңістер тілеп, жақсы ниетін білдірді.
Спорттың дамуы – кез-келген елдің болашағын қалыптастырудағы маңызды және ажырағысыз кезеңдердің бірі. Сондықтан бүгін балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу арқылы біз ертең салауатты және бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастырамыз. Спорттық саланы дамытуды жан-жақты қолдай отырып, Манжанова Ирина Рихардовна 2018 жылдың 3-4 қарашасында Астана қаласында өтетін каратэ – кекушинкай бойынша екінші Дүниежүзілік чемпионатының бас демеушісі ретінде танылды.