Елорда көшелеріне атаулар беру мәселелері бойынша кезектен тыс сессия
31.10.2023
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен кезектен тыс сессия өтті.
Кезектен тыс сессия жұмысына қала әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Евгений Глотов қатысты.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова «Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» бірінші мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол қатысушыларға Астана қаласы мәслихатының депутаты Еркеғали Есенжоловтың қалалық сайлау комиссиясына отставкаға кету туралы жеке өтінішін жібергенін хабарлады.
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» мәселе бойынша баяндады. Сонымен, ол жобалық атауы Е108 көшеге – Шандор Петефи көшесі және жобалық атауы № 28/1 көшеге – Анадолу көшесі атауларын беруді ұсынды. Бұл ұсыныстарды депутаттар бұған дейін мәслихаттың жария тыңдауларында талқылаған.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов «Астана қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» баяндады. Мемлекеттік мекеменің басшысы депутаттарды 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін Астана қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін қоса алғанда 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бекітілгені туралы хабардар етті.
Кадрлық өзгерістерге байланысты мәслихаттың «Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» және «Астана қаласы әкімдігі жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.