Округте есеп беру кездесулері өтті
09.04.2018
Мәслихат депутаты Абден Қарақат Жақсылыққызы 19-шы сайлау округінің тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында халық қоғамдық өміріне қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды.
Мысалға, қадірлі жасына қарамастан, осы тұрғын алабының белсенді азаматы бола отырып, тұрғындардың, әсіресе, зейнеткерлер мен балалардың өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтерген, Тельман кентінің тұрғыны Анетов Болат жүгінді. Тұрғын алабында бірде-бір ойын алаңы жоқ екендігін, зейнеткерлер мен жастар үшін өте қарапайым алаң, байланыс және демалыс орны жоқ екендігін үш жыл бойы бұл адам айтып келеді. Балалар жол бойында ойнауға мәжбүр, көптеген жүк техникасынан аулақ болу үшін кішкентай велосипедтерімен жолдың шет жағына қысылғанын көру жанға батарлық, қаланың бұл бөлігі белсенді түрде салынғанын ескере отырып, машиналардың санын елестете аласыз ба? Сонымен бірге Тельманда медициналық орталық пен дәріхана жоқ. Осыған байланысты, тұрғындар қарапайым процедуралар үшін (қысымды өлшеу, екпе алу) тұрғын алабынан алыс орналасқан медициналық мекемелерге баруға мәжбүр.
Сондай-ақ, депутат ауылда жалпы білім беретін мектеп жоқ екендігін атап өтті, ауыл оқушылары өз күштерімен әр таңда мектепке баруға мәжбүр. Мектепті құру жылдам емес екенін түсінгендіктен, қалалық биліктің назарын мектеп оқушылары үшін мектеп автобустарының жетіспеуіне аударды.
«Астана Жұлдызы» кешенінің тұрғындары үшінші жыл қатарынан аула аумағын салу мен абаттандыру үшін бюджеттен қаржы бөлінуіне қол жеткізе алмады. Тұрғындарға жан-жүрегімен көңіл бөлетін, олардың мүддесімен ПИК төрағасы Жаманқұлова Анабике Хасеновна қоғамдық қабылдау бөліміне жүгінді. Төраға тұрғындармен бірлесіп бұл мәселелермен жыл сайын қалалық биліктің есіктерін қағады, аудандық және қалалық әкімдіктерге хат жазады, алайда бәрі бекер. Тұрғындары түсінбейді, неге пайдалануға әлдеқайда кейінірек берілген жақын үйлер қаржыландыру алды және осы мәселелер оларда шешілді. Сонымен қоса, балалар алаңы паркинг үстінде орналасқан, инфрақұрылымның жоқтығына байланысты барлық ылғал төмен өтіп, бұл паркингтің ауыр жағдайына әкеп соқты. Алдында Есіл ауданының бұрынғы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ұзақ қарастырылудан кейін осы мәселені биылғы жылы шешуге уәде берді. Алайда, жыл басында әкім ауысып, бұл мәселе шешілмей қалды, және тұрғындарға абаттындыру үшін қаржы бөлінбеді
Қала маңы тұрғын алабында тұрғындардың саяжайда қоныстануы мен көгалдандыру бойынша қалыптасқан жағдайды шешу қажет. Шын мәнінде, саяжай алабы бастапқыда адамдардың тұрақты тұруына арналмаған, алайда адамдар сонда тұрады. Мұндай жағдайда әсіресе балалар зардап шегеді, олар мектепке үлкен шалшықтар, өтуге қиын лас, әрі қоқыс толы жерлермен баруға мәжбүр. Қалалық билік саяжай жолдары мен қоқыстарын тазарту мәселесі жер иелерінің өздеріне жүктелген міндет екенін айтады. Дегенмен, көптеген үйлер жалданып, жалға алушылар саяжай кооперативіне төлем жасамайтынын ескеру қажет. Қар еру кезінде мәселе ушығады. Әрине, бұл ересектердің қателігі, бірақ балалар осы себептен зардап шекпеуі керек. Балаларды саяжай алабынан № 24 мектепке жеткізуді ұйымдастыру қажет. Саяжай алабының балаларын Қабанбай батыр көшесі бойымен жинауға болады. Балалар мен қарт адамдарға арналған демалыс орындары жоқ. Қала маңы тұрғындары саяжай алабын көгалдандыруға және абаттандыруға бағытталған шараларды ұйымдастыруды сұрайды.