Кезектен тыс сессия: «Байқоңыр» ауданы әкімінің лауазымына тағайындау
18.10.2023
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен сегізінші сайланымның он бірінші кезектен тыс сессиясы өтті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының негізінде және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің ұсынымына сәйкес мәслихат кезектен тыс сессияның қарауына «Байқоңыр» ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы» мәселені шығарды.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек сөз алып, «Байқоңыр» ауданының әкімі лауазымына кандидатураны ұсынды.
Талғат Рахманберді 1984 жылы 24 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, 2013 жылы - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін, 2021 жылы Пенсильвания мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - құқықтану, экономика, құқық. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы «Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған, одан әрі студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының республикалық штабын басқарған. 2011 жылы Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымына тағайындалды, 2012 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған, 2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет етеді.
Депутаттар Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі лауазымына Талғат Рахманбердінің кандидатурасын қолдады.