IT жобаларды іске асыру
11.10.2023
Қалалық мәслихатта Кендебай Адамбековтың төрағалығымен Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының елордада IT жобаларды іске асыру мәселесі бойынша отырысы өтті.
Мәселе бойынша цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков баяндады. Сөз басында ол басқарма жетекшілік ететін қызмет бағыттарын тізімдеді. Бұдан әрі басқарма іске асырып жатқан негізгі жобаларға тоқталды, олар: Астана қаласындағы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық фото-бейнетіркеу және бейнеталдау кешені; «IQala» қалалық қызметтер орталығы; «iKOMEK 109» бірыңғай байланыс орталығы»; «Smart Astana»; «Зираттарды цифрландыру» және т. б. Көлікті дамыту саласында – «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы. Тұрғын үй алаптарын интернетпен қамтамасыз ету туралы басқарма басшысы басқарма инвестордың көмегімен шешім іздеп жатқанын айтты.
Депутат Асқар Смағұлов «Сергек» жобасын орындау мерзімін 4 айға ұзарту себебіне қатысты сұрақ қойды.
Комиссия төрағасы Кендебай Адамбеков елорданы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша сөз сөйледі. Ол жетінші сайланым депутаттары дайындаған осы мәселе бойынша хаттамалардың материалдарын зерделеген. Хаттамаларда белгіленген көптеген тапсырмалар орындалған. Алайда, түгендеу жүргізуді аяқтау керек, бұл белгілі бір уақытты қажет етеді, жұмыс тобы қала үшін ең тиімді және қолайлы шешім шығаруы керек. Сондай-ақ, Адамбеков депутаттар конкурсқа қатысушы 6 фирма айналысатын мәселелер шеңберін қарағанын, қараша айында барлық құрамдас бөліктерді, соның ішінде қолда бар материалдық-техникалық базаны, кадрларды, жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін пайдалануды ескере отырып, шешімге келу керектігін айтты. Комиссия төрағасы спикерден тұрғын алаптардың проблемалық мәселелеріне және оларды шешу жолдарына тоқталуды сұрады. Нәтижесінде инвесторды қалай тартуға болады. Қазіргі уақытта қандай нормативтік акт кедергі болып тұр. Проблемалық мәселелерді шешу үшін мамандар тобымен АЭҮК басшылығын шақыру және келісімге келу қажет.
Депутат Бауыржан Смайылов Сарыарқа ауданында бейнекамералар орнату бойынша ақпарат беруді және жұмыстың аяқталу мерзімі туралы сұрады.
Депутат Владислав Сергеевтің пікірінше, «Сергек» жобасы бойынша қосымша отырыс өткізіп, жобаның орындалу мерзімі неге ұзартылатынын анықтау қажет. Екі жыл қатарынан депутаттар шлагбаумдарға, өрт сөндіру техникасын, жедел медициналық жәрдемді өткізу жүйесіне қатысты мәселелерді қозғап келеді, алайда нәтиже жоқ, қоғамдық көлік жүйесін цифрландыру жұмыстары да аяқталмаған, коммуналдық көлік қызметі бақыланбайды, сондай-ақ депутаттар бағдаршамдарды, көше шамдарын және т. б. ауыстыру жөніндегі жұмысты цифрландыруды сұраған, осы мәселелердің барлығын шұғыл түрде шешу қажет.
Депутат Табиғат Зейнулқабден Индустриалды парктегі ұрлықпен байланысты мәселелерді қозғады, онда осы себепті КСС коммуналдық меншікке бере алмай келеді.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов шұғыл шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді атап өтті. Мәселен, сайлау алдындағы бағдарламаларды орындау бойынша Жол картасының пункттерін іске асыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет, мұнда туындайтын сұрақ - жеткілікті қаржыландыру бар ма? Каналимов бір мандатты сайлау округтері бойынша 17 депутат үшін ағымдағы жағдай туралы ақпарат дайындауды сұрады. Бұдан әрі мәслихат төрағасы бүгінгі күні жұмыс істемейтін «Смарт Астана» қосымшасына қатысты мәселе туралы сөз қозғады.
Келіп түсетін өтініштерді талдау 109 желісіне ең көп шағым түсетінін, ал қосымшалар жұмыс істемейтінін көрсетті. Әрбір мемлекеттік орган қосымшаны өзі жасауға тырысады, оған қомақты қаражат жұмсалады, бірақ нәтиже жоқ. Бұл істе цифрландыру басқармасы басшы болуы тиіс, мысалы, Артспорт жобасын іске асыру кезіндегі сияқты қайталануды болдырмау үшін, барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін құру қажет. Кітапханаларды жаңарту бағдарламасын іске асыру аяқталмаған, алға жылжу жоқ. Ескерткіштерді бейнекамералармен қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген, қала бойынша барлығы 42 ескерткіш бар. Осы себепті олар вандализм әрекеттеріне ұшырайды. Бұл ретте ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тұтастай дирекция құрылған. Бір жылға жуық уақыт өтті, депутаттар тобы мектептерді, спорт объектілерін аралап шықты, бірқатар объектілер Жедел басқару орталығына қосылмаған. Қазіргі уақытта әр бала бірнеше карточка пайдаланады, олардың орнына бір әмбебап карта болуы тиіс. Бұған қоса, қала тұрғындарымен ақпараттық жұмыс жүргізілмейді. Көктал - 2-де депутаттар отбасына барып шықты, БАҚ-та оның нәтижелері бойынша бірде-бір мақала жоқ. Басқарманың міндеті - мемлекеттік органдардың жұмысын белсенді көрсету.
Отырысты қорытындылай келе, Кендебай Адамбеков депутаттардың барлық ескертулері мен ұсыныстары комиссия қаулысына енгізілетінін хабарлады.