Елорда бюджетін нақтылау бойынша бюджеттік өтінімдерді қарау
21.09.2023
Қалалық мәслихатта елорданың 2023 жылға арналған бюджеті бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізген бюджеттік өтінімдерді қарау мәселелері жөнінде төрт тұрақты комиссияның отырыстары өтті.
Депутаттар алдында басқармалардың, аумақтық департаменттердің басшылары және қала аудандарының әкімдері есеп берді.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бюджет қаражатының игерілуін алдын ала талдау қорытындысы бойынша ұйымдардың басшыларына қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру үшін қосымша қаржылық салымдарды талап ететін басым жобаларды белгілеуді ұсынды.
Депутаттар қарау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде мектептер құрылысын, инженерлік желілер, нөсер кәрізі құрылысын, ХӘОТ санаты мен жұмысшы жастар үшін тұрғын үй сатып алуды, қаланы абаттандыруды, өрт сөндіру деполарын, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек объектілерін, сондай-ақ сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша Жол картасына енген объектілерді жөндеуді қосымша қаржыландыруға бюджеттік өтінімдерді қолдады.
Артспорт жобасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың қызметі сынға ұшырады, өйткені спорт мекемелерінің, мектеп үйірмелерінің, аула клубтарының, ДШСК спорт сабақтарына қатысатын балалардың саны бойынша деректер қорын синхрондау жөніндегі депутаттардың ұсыныстары әлі орындалмаған.
Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігі зияткерлік бейнебақылау жүйесін енгізумен қамтамасыз етіледі, алайда тұрғын үй алаптары әлі күнге дейін бейнекамералармен толық қамтамасыз етілмеген, нәтижесінде бұл мәселе қылмыстардың өсуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау қажеттілігіне, бөлінетін мүгедектер креслоларының, есту аппараттарының, тіс протездеудің сапасына, ақылы тұрақтарға байланысты мәселелерді шешуге, мемлекеттік мерекелерді мерекелеуді теңгерімді қаржыландыру мәселелеріне назар аударды.
Отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік өтінімдерді қарап, елорда бюджетін төртінші нақтылау жөніндегі шешім жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өз ұсыныстарын әзірлейді.