«Үркер» тұрғын алабының қоғамдық кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды
15.04.2018
Жексенбі күні қала әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметов пен Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьяновтың қатысуымен 11-ші сайлау округінің аумағында орналасқан Үркер (Ильинка) тұрғын алабының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
11-ші сайлау округінің депутаты Мирас Шекеновтың айтуынша, 2017 жылы құрылған тұрғын алабының қоғамдық кеңесі Үркер шағын ауданының белсенді тұрғындарын біріктіреді және Астанада ең тиімді аумақтық қоғамдық кеңес болып табылады.
Қоғамдық кеңестің отырысына «Астана Су Арнасы» МҚК, «Астана-РЭК» АҚ және жол және инженерлік инфрақұрылымдарды салумен айналысатын мердігер ұйымдар – «Құлагер» ЖШС және «ЦСК НС» ЖШС өкілдері шақырылды.
Құрылыс маусымының қарсаңында тапсырыс беруші – Астана қаласы әкімдігі Коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Үркер алабында қолданылған қайта құру жобасының шеңберінде жаңа көшелер мен инженерлік желілер салу жоспарлары туралы баяндады.
Жалпы алғанда, жоба бойынша 83 көше жасалуы керек, 2017 жылға дейін 57 көше арқылы жүріс қамтамасыз етілді, оның 39-ы асфальтпен және 18-і ұсақтаспен жабылған.
2018 жылы қалған 26 көшеде жол құрылысын қайта жаңарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, көгалдандыру бойынша және кәріз-сорғы станцияларындағы өзекті мәселелер шешілді.
Қоғамдық кеңестің мүшелері жарықтандыру, аялдама кешендері, жаяужол және дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құру бойынша сұрақтарын көтерді.
Отырыс қатысушылары алдағы сенбіліктерде шағын ауданның барлық тұрғыдарын Үркер-Ильинка тұрғын алабын тазалауға және ағаштарды отырғызуға қатысуға шақырды.
R.S. Кездесуден кейін, достық дастархан кезінде шағын ауданының өмірлік белсенділігіне қатысты барлық ағымдағы және жүйелі мәселелер бейресми түрде талқыланды.