Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
30.08.2023
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Атазаңымыз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Негізгі заң – мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының, заң үстемдігінің, тұрақтылық пен келісімнің кепілі.
Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Бүгінде елімізде ауқымды өзгерістер мен тың бастамалар қолға алынды. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Соның бәрі Ата заң аясында жүзеге асырылып, Қазақстанды заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған.
Осы мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы адал істеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Ерлан Каналимов