Бүгін Ерлан Каналимовтың төрағалығымен бірқатар қалалық телекоммуникациялық компаниялар: «Қазақтелеком» АҚ, «Sinergy Telecom» ЖШС, «Твой новый телеком» ЖШС, «Қазақ үй желілері» ЖШС қатысуымен қалалық мәслихат отырысы өтті
10.08.2023
Отырыста цифрландыру, телефондандыру, көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне және тұрғын алаптарына интернет өткізу, сондай-ақ соңғы уақытта өзекті мәселеге айналған ұялы байланыс пен интернет сапасы мәселелері талқыланды. Бұл бағыттарда бірнеше проблемалар аталды, олар:
- тұрғын үй кешендерінде телекоммуникация желілері мен интернет өткізуге дайын инфрақұрылымның болмауы;
- ПИК/МИБ тарапынан телекоммуникация желілерінің инфрақұрылымын орнатуға тыйым салу, қолжетімділіктің болмауы;
- «радиофобия», яғни тұрғындардың фондық сәулеленуден қорқуы, соның салдарынан олар тұрғын үй кешендерінде базалық станцияларды (антенналарды) орнатуға тыйым салады, бұл қалада ұялы байланыс пен интернет сигналдары үшін кедергілердің пайда болуына әкеледі;
сондай-ақ, интернеттің өзінің төмен жылдамдығы, бұл ретте интернет жылдамдығы провайдер мәлімдеген 50 Мбит/сек орнына, ол 5,5 Мбит/сек аспайды.
Мәслихат төрағасы қала тұрғындары арасында ұялы байланыс пен интернетті жақсарту мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейтуді тапсырды. Денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп, 5G базалық станцияларды орнату кезіндегі инновациялық артықшылықтарды түсіндіру, негізделген ғылыми зерттеу қорытындыларын ұсыну қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, бір апта ішінде интернет пен ұялы байланыс бойынша проблемалары бар тұрғын алаптар мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің проблемалық учаскелері көрсетілген және осы проблемалық мәселелерді шешу жолдары көрсетілген карта дайындауды ұсынды.
Сонымен қатар, мәселені талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары заңнамалық актілер мен ҚНжЕ-ге қала тұрғындарын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бүгінгі күнге сәйкес өзектендіре отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауды ұсынды.