Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шықан адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу
08.08.2023
Азамат Айтхожинның төрағалығымен қалалық мәслихатта заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде «Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, жазаға және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларға қоғамнан оқшауланбай сотталған адамдар арасында қайта қылмыс жасаушылықтың алдын алу. Бұл адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету» мәселесі қаралды.
Отырыста бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік және басқа да қолдау түрлері талқыланды.
Отырыс барысында қалалық мәслихат төрағасы қамаудан босап шыққандардың алдында тұрған бірқатар проблемаларды атап өтті. Ең алдымен, жұмысқа орналасу мәселелері. Аталған адамдардың көп бөлігінде несиелері, коммуналдық қызметтері бойынша берешектері бар, соның салдарынан олардың шоттары бұғатталған және жұмыс берушілер жұмысқа қабылдай алмайды. Сол себепті олардың көбі қайтадан қылмыс жасауға барады.
Ерлан Каналимов жауапты органдарға қысқа мерзімде осы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі бағыттарды қамтитын іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, бұл жұмысқа медиация қызметтерін, ҮЕҰ-ды және басқа да құрылымдарды тартуды тапсырды. Сонымен қатар, қалалық мәслихат төрағасы толықтай апробация мәселелерімен айналысатын арнайы бөлімше құру қажеттігін атап өтті.
Депутаттардың ұсынымдарын орындау нәтижелері бойынша мәслихаттың келесі отырысы ағымдағы жылғы қыркүйекте өткізілетін болады.