Депутат Г.К. Касенов округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді
19.04.2018
2018 жылдың 19 сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының №72 мектеп-лицейінде 21-ші округ тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.
Есеп беру кездесуі барысында Гайдар Касенов тұрғындарды өткен жылғы жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Есепті кезеңде аула аумақтары мен автотұрақтарды абаттандыру, автобус аялдамаларын орнату бойынша мәселелерге тиісті көңіл аударылды. «Айя» ПИК төрағасы Р.Ш.Бекбергенова жолдың жүру бөлігінде орналасқан иесіз құдықтарға тоқталды, «Астана жанұя қызметі» ПИК төрағасы А.А.Бекбасова аулаларды абаттандыру мәселесі бойынша сөйледі, сонымен бірге тұрғындар автокөлік тұрағына, аула іші аумағының санитарлық жағдайына, көшелерді жарықтандыруға қатысты және тағы басқа ұсыныстар бойынша сұрақтарын көтерді. Бұдан әрі қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Кездесу барысында тұрғындар қойылған барлық сұрақтарына толық жауап алды, сондай-ақ, олар округтегі жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Өз кезегінде Гайдар Касенов тұрғындардың аудан өмірінде белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, «Біздің барлық жетістіктеріміз бен нәтижелеріміз бүгінгі күні әрбір тұрғынның түсінігі мен қолдауы арқылы жүзеге асады» – деп атап өтті.